ҚКХП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы С.Биғарова бүгінгі жас ұрпақ Ұлы жеңістің тарихи маңызын білуге тиіс екенін атап өтті. Ол тарихи фактілерді бұрмалау мәселесі халықаралық сипатқа ие болып  отырғанын айтып, бұл туралы алдыңғы буынның пікірін тыңдауды ұсынды.

Өз кезегінде Талдықорған қаласының құрметті азаматы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, облыстық газеттің бұрынғы редакторы Тұрсын Әбдуалиев аймақтың атынан  Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардың есімдерін атады. Ол жастарды тарихи шындыққа көз жеткізуге, жалған сөзге, өтірік мәліметке сенбеуге шақырды.

Дүйсенбі, 14 Мамыр 2018 13:17

АЙБЫНДЫ МЕРЕКЕ

Әлемдік деңгейдегі ауқымды мереке – Ұлы Жеңіс күнін алматылық коммунистер сәніне салтанатын жарастырып атап өтті. Мереке қарсаңында Алматының коммунистері ардагерлерді мерекемен құттықтап, сый жасады. ҚКХП Алматы қалалық комитетінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Камал Үмбетаевқа барып, азық-түлік себетін табыстады. Дастархан басында ардагер соғыс жылдары, солдаттар мен халықтың жеңіске деген сенімдері туралы әңгіме қозғады. Соғыста алған төрт жарақатынан кейін Камал ата жарамсыз деп танылады, бірақ ол Отан алдындағы қызметін Қазақстан ішкі істер органында жалғастырады.  Кейін алынған жарақаттарына байланысты милиция жұмысынан шегертіледі, бірақ ол өз жұмысын халық шаруашылығында жалғастырады.

4 мамыр күні Талдықорған қаласының Оқушылар сарайында орналасқан Д.А. Қонаев атындағы музейде «Ұлы Жеңіс тарихын бұрмалау - батыстық насихаттың құрамдас бөлігі» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті.

Алматы облысындағы Көксу ауданына қарасты Мәмбет ауылы кеңес заманында В.И. Ленин атындағы совхоз деп аталған. Тұрғындар ауылдың революция көсемінің атымен аталатындығын мақтан тұтатын. Әрбір тұрғын бала күннен бастап жақсы оқуға, кейін адал еңбек етуге, Лениннің атына лайықты болуға тырысатын. Елді мекендегі Егінбаевтар (Жылқайдаров), Шалбаевтар, Кешуовтар, Қыстаубаевтар әулеттері өздерінің еңбектегі жетістіктерімен  бүкіл облысқа және  респубикаға танымал болған, тіпті осы күнге дейін олардан үлгі алатындар көп.

ҚКХП Алматы облыстық комитетінің белсенділері «Көктемгі шақырылым» акциясын өткізді. Талдықорғанның орталық көшесінде ҚКХП қатарына қосылуға шақыратын парақшалар таратылды.

Болашақ мамандықты таңдау – әрбір адамның өміріндегі шешуші әрі жауапты қадам. Таңдап алынған мамандық адамның болашақ өмірін айқындайды. Қазіргі таңда қандай мамандықтар сұранысқа ие, өз мамандығың бойынша кәсіби білімді қай жерден алуға болады? ҚКХП Алматы облыстық комитетінің «Мамандықпен танысу» акциясы осы сұрақтарға жауап беруге тырысты.

14 ақпан күні ҚКХП Алматы ОК кеңсесінде «Қазақстандағы инфляция. Келер жылдан не күтеміз?» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті.  ҚКХП обкомының екінші хатшысы О.Ибрагимов өзінің  баяндамасында инфляция  мен жалақының деңгейі туралы ресми мәліметтерге тоқталып өтті.  Талқылау барысында ресми статистиканың шынайы болмыстан алшақ екендігі белгілі болды. Себебі әрбір қатысушы өзінің жеке табысы мен жалақысына негізделіп қорытынды жасады.

5 бет. Барлығы: 5

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.