Пятница, 09 февраля 2018 12:13

Қарағанды облысының халық коммунистері «Жақсылық жаса» акциясын өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының белсенділері  қарағандылықтарды әлеуметтік жағдайы төмен жерлестеріне көмектесуге үндейтін қайырымдылық акциясына қатысуға  шақырды.

2018 жылдың 5 ақпанында ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті Жастар  қанатының мүшелері төраға Анатолий Ченнің басшылығымен және  обкомның екінші хатшысы Анатолий Барановтың қолдауымен «Жақсылық жаса» акциясын өткізді.

Жас коммунистер қала орталықтарында азаматтарды «Шапағат» халықтық жобасын бірлесе іске асыруға насихаттайтын парақшалар таратты.

Естеріңізге сала кетейік, бір жылдан бері Қарағандының коммунистері халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына киім, аяқ-киім және басқа да заттарды жинау және үлестіру арқылы көмек көрсетіп келеді.

Жастар қанатының мүшелері парақша таратып жүріп: - егер сізде өзіңізге қажет емес заттар болса, біздің кеңсеге әкеліп тастаңыз, біз оны жағдайы нашар адамдарға таратып береміз, - деп түсіндірді.

– «Шапағат» жобасынан басқа, біздің партия «Қоғамдық қабылдау» жобасы аясында тегін заңгерлік кеңес береді, - деп тұғындарға Анатолий Баранов ақпарат берді. – Сонымен қатар біз дөңгелек үстелдерде аймақтың ең өзекті мәселелерін талқылаймыз. Халық коммунистерінің мақсаты қарапайым адамдарға олардың мәселелерін шешуге көмектесу болып табылады, сондықтан шешуін таппай жүрген мәселелеріңіз болса немесе көмек қажет болса біздің обкомға келіңіздер!

Қарағандылықтар жаңа ақпаратты жақсы қабылдады, өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, ҚКХП мүшелігіне қалайша өтуге болатынын да сұрастырып жатты.

-        Мен бұрынғы коммунистпін, - деді егде жастағы такси жүргізушісі. – Біздің елде коммунистердің барына қуанып отырмын, олардың қарапайым адамдарға көмектесіп, Мәжілісте де өкілдерінің жұмыс істеп жатқанына риза болып отырмын.

-        Сіздер нағыз қажетті іспен айналысып жүрсіздер. Сөзбен емес, іспен көмектесіп жатырсыздар. Бізде киім-кешекке зәру адамдар көп, ал кейбіреулері керек емесін қайда берерін білмей отырады. Жақсы акция екен. Мен міндетті түрде гардеробымды қарап, сіздерге қажет емес киімдерімді әкеліп беремін. Адамдарды қайырымдылыққа шақырып жатқандарыңызға көп рахмет, - деді дүкен сатушысы.

ҚКХП Қарағанды ОК

kar12kar12kar12kar12kar12kar12kar12kar12kar12kar12kar12

Прочитано 26 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.