Среда, 14 февраля 2018 18:03

Кеншілер астанасында қарағандылықтардың әлеуметтік жағдайы талқыланды

Оцените материал
(0 голосов)

9 ақпан күні Қарағандыда Қазақстан Коммунистік Халық партиясының бастамасымен «Қазақстандағы инфляция. Келер жылдан не күтеміз?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, меморгандар мен БАҚ өкілдері және қала тұрғындары қатысты. ҚКХП Қарағанды ОК екінші хатшысы   Анатолий Баранов өз баяндамасында инфляцияның ауқымы туралы мәлімет келтірді:

- Ресми мәлімет бойынша, 2017 жылы Қазақстанда инфляция 7,1%-ды құраған. Бұл 2017 жылдың қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақ   елдері арасында инфляцияның ең жоғарғы көрсеткіші болып отыр. 2017 жылдың басы мен 2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі аралықта азық-түлік тауар бағасы өткен жылмен салыстырғанда 6,5%-ға, азық-түлік емес тауар 8,9%-ға, ақылы қызмет 5,9%-ға қымбаттаған. Қазақстандағы ресми статистика шынайы болмыстан алшақ екендігін ескерсек, қазақстандықтардың басым бөлігінің жағдайы бұдан да нашар екендігі айдан анық.

2018 жылдың басынан бері теміржол билеттерінің бағасы 7%-дан 37%-ға қымбаттаған, еліміздің 12 аймағында коммуналды қызмет тарифы өскен. Сарапшылардың болжамы бойынша бензин бағасының қымбаттауы да күтілуде. Мұның барлығы азық-түлік пен қызметтің кезекті қымбаттауына әкеліп соқтырады.

Бұған қоса Қазақстанда тауар мен қызмет бағасының шарықтауы номиналды табыс көлемінің арту тенденциясының алдында жүреді. 2017 жылдың қараша айында халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақша табысы 81039 теңгені құраған, бұл 2016 жылдың қараша айындағы көрсеткішінен 1,5%-ға төмен. Көрсетілген кезең аралығында шынайы ақшалай табыс 8,2%-ға төмендеген.

Анатолий Владимировичтің айтуынша, республикадағы орташа жалақы өскен, дегенмен қымбатшылыққа байланысты ол ақшаға бір жыл бұрынғыдай көлемде тауар алу мүмкін емес.

- ЖЖМ бағасының қымбаттауы, тарифтер мен азық-түлік бағасының өсуі қоғамда үрей тудырып отыр. Қатардағы қазақстандықтар ертеңгі күн үшін алаңдаулы, әрқайсысының көкейінде келер күні отбасының жағдайы не болмақ, жұмыстағы қысқартуға легіп қалмаймыз ба, ТКШ төлемдерін жасай аламыз ба деген сауалдар жүр,- деп қорытындылады ол.

Бұл ахуалды қалыпта ұстау үшін шенеуніктер баға өсімін ұстап тұруға уәде берумен шектеліп отыр. Дегенмен баға шарықтап келеді, ал азаматтардың шенеуніктер жағдайды бақылауда ұстай алады дегенге үміттері сейілуде.

Бағаның өсуі мен шынайы табыстың төмендеуі халықты кедейлікке апарады. Нәтижесінде орта тап азайып, кедейшілік шегінде қалған азаматтардың саны арта түседі. 2017 жылғы Дүниежүзілік банктің мәлімдемесі бойынша халықаралық кедейлік шегінің күніне 5 АҚШ доллар көрсеткіші 19,8%-ға артқан, бұған сүйенсек, әрбір 5-ші қазақстандық кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр. 2018 жылы бұл көрсеткіштің қандай боларын тек болжай ғана аламыз.

Коммунистің баяндамасы қызу талқыға салынды. Әсіресе зейнеткерлер мен мүгедектер үшін бұл көкейде жүрген мәселе болды.

- Бізге соңғы кездері көп шағымдар түседі, - деді «Үміт» ҚБ төрағасы, мүгедектердің құқығын қорғаумен айналысатын Валентина Власова. -  Біздің мүгедектерді  бір ғана сұрақ толғандырады: «Қалай өмір сүреміз?». Бізде үшінші дәрежедегі зейнеткер-мүгедектер бар, олар 37 мың теңге алады. Қаңтар айында бала күнінен мүгедектер зейнетақыларына қосымша төлем алған жоқ, ал азық-түлік бағасы желтоқсаннан бастап қымбаттады. Валентина Федоровна мүгедектердің шипажайда емделу мәселесін және кәсіпкерлер мен мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың арасындағы тікелей қайырымдылық байланысты реттеуді ұсынды.

Кездесуге қатысқан Қазақстан кәсіпкерлері ассоциациясының президенті Ермек Әбілдин В.Власованың ұсынысына бірден қолдау көрсетіп, бірлесе отырып мәселелерді шешуге ұсыныс жасады.

Облыстық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармаларының өкілдері   азық-түлік бағасын үнемі реттеп отыратындықтарын айтты. Алайда қарапайым қарағандылықтар олардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне күмән келтірді. Кездесуге қатысушылар ҚКХП-ның кедейлік және табыстардың жіктелуімен күресудің ұсынып отырған механизмдеріне қолдау білдірді. Халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына арнайы банк карталарын енгізу - отандық өндірісті қолдау, төмен табыстылықпен күресу, азаматтардың материалдық жағдайын жақсарту үшін қоланылатын ең тиімді шаралардың бірі.

ҚКХП Қарағанды ОК Баспасөз қызметі

Karagandy3Karagandy3Karagandy3Karagandy3Karagandy3Karagandy3Karagandy3Karagandy3

Прочитано 26 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.