Вторник, 24 апреля 2018 15:52

Қарағандылық коммунистер Лениннің ескерткіші алдында мерекелік митинг өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

22 сәуір күні қарағандылық коммунистер әлемдік пролетариат көсемі В.И. Лениннің туған күні құрметіне дәстүрлі салтанатты митинг өткізді.

- Құрметті жолдастар! Бүгін біз дәстүр бойынша әлемдік пролетариат көсемі В.И. Лениннің ескерткіші алдында жиналып тұрмыз. Себебі 22 сәуір күні әлемнің барлық коммунистері бүкіл адамзатқа еркін әрі тең құқылы, әділ қоғам бұл - утопия емес екендігін дәлелдеген  ұлы тұлғаның туған күнін атап өтеді, - деді өзінің құттықтау сөзінде ҚКХП Қарағанды ОК бірінші хатшысы Александр Зевахин. Обком жетекшісінің құттықтауына қатардағы партиялықтар да қосылды. Олар  тегін білім алу, ем алу, балабақша мен үйірмелерге бару мүмкіндігіне ие болғандары үшін, сол қоғамның бір бөлшегі болғандары үшін Ленинге өз алғыстарын жеткізді.

Зейнеткер Лидия Моргачева айтулы күнге арнаған өзінің жыр шумақтарын оқыды. Кейін өзге де белсенділер мерекеге орай жырдан шашу шашты. Бір сөзбен айтқанда, бұл күні Қарағандының халық коммунистері өздерінің жылы лебіздері және оптимистік ойларымен қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлай білді.

ҚКХП Қарағанды ОК Баспасөз қызметі

karlen12karlen12karlen12karlen12karlen12karlen12karlen12karlen12karlen12karlen12karlen12karlen12

Прочитано 44 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.