Пятница, 27 апреля 2018 16:53

Қарағанды облыстық комитеті кадеттер үшін Астанаға экскурсия ұйымдастырды

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қарағанды облыстық комитеті Авиация және космонавтика музейі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мағрифа Кәрібековамен бірлесіп, Қарағанды қаласы  мектептеріндегі кадет сыныптарының оқушылары үшін Астанаға  экскурсия ұйымдастырды.

Астанада балалар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейін, оқушылар сарайын, Ұлттық академиялық кітапхананы аралап, Бәйтерекке барды.

- Менің бір ғана мақсатым бар – елін сүйетін, Отан үшін қызмет ететін, соны мақсат тұтатын  балаларды тәрбиелеу, - деді экскурсия соңында Мағрифа Аманбекқызы.

- Бізге Мағрифа Аманбекқызымен жұмыс істеген ұнайды, - деп өз ойымен бөлісті ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы Александр Зевахин. – Біздің ортақ мақсатымыз – нағыз патриоттарды өсіру. Елімізде Мағрифа Аманбекқызы сияқты болашақ ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамайтын, балалар үшін, ел үшін бар күш-жігерін аямайтын адамдардың барына қуанамыз.

Kadety3Kadety3

Прочитано 45 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.