Вторник, 29 мая 2018 17:38

Қарағанды коммунистері жазғы футбол маусымын ашты Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

27 мамырда Қазақстан Коммунистік халық партиясының «ҚКХП», «КЖО» атты екі футбол командасы 2018 жылғы ойындардың жазғы маусымын ашты.

«ҚКХП» командасы жазғы маусым ойынын Қазақстан футбол әуесқойларының лигасында «2GIS» командасымен бәсекелесуден бастады.

Тартысты таласта халық коммунистерінің футбол командасы ойынның соңғы минуттарында есепті теңестіріп үлгерді. Нәтижесінде алғашқы матч

3:3 есебімен аяқталды.

«КЖО» командасы Қарағанды облысының екінші лигасындағы ойындарда өнер көрсетті. Олар Саран қаласындағы «Сұнқар» стадионында өткен жарыста «Қайсар» командасына қарсы ойнады.

«КЖО» командасы тәжірибелі қарсыластарына 4:1 ұпайымен есе жіберіп алса да, келесі ойында жасындай жарқылдайтындарына сеніп отыр.

«КЖО» командасында мұндай тәжірибе бар. Футзалдан өткен қысқы маусым ойындарының алғашқы кездесулерінде ойын өрнектерін таба алмаған команда қорытындыда өз тобында үшінші орыннан көрінген.

– Ең бастысы мінез бен жігер және жеңіске деген құштарлық! – дейді  коммунист-футболистер.

ҚКХП Қарағанды ОК баспасөз қызметі

Прочитано 169 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.