Сейсенбі, 09 Сәуір 2019 16:47

Қарағандылық коммунистер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне машина жасау зауытына экскурсия ұйымдастырды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

9 сәуір күні қарағандылық коммунистер «Мамандықпен танысу» жалпы республикалық партиялық акциясы барысында «Құлыншақ» балалар үйінің түлектеріне №1 Қарағанды машина жасау зауытына экскурсия ұйымдастырды.

Заманауи зауытта жұмыс істеу үшін жұмысшы мамандықтарға қажетті білім туралы балалар үйінің түлектері бұл күнге дейін бейхабар болды. Сондықтан озық бағдарламалары бар компьютерлермен басқарылатын заманауи станоктармен танысу олар үшін үлкен жаңалық болды.

– Мұндай станоктарды басқару үшін математика мен геометрияны жетік білу қажет, – деп әңгімеледі  зауыт жұмысшысы. – Бағдарламалау негіздері мен  ағылшын тілі қажет.

Түлектер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, станоктар мен мамандықтың қыр–сырларына тәнті болды. Мүмкін дәл сол сәтте олардың арасында өз таңдауын жасағандар да болған шығар.

– Сіздер үшін ең маңыздысы – оқу, оқу және оқу. Біз сендерді өз цехтарымызда  күтеміз, – деді цех басшысы Виталий Пчелинцев экскурсия соңында.

ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы Александр Зевахин зауыт басшылығына алғысын білдіріп, түлектерге сәттілік тіледі.

KaragProfess 11KaragProfess 11KaragProfess 11KaragProfess 11KaragProfess 11KaragProfess 11KaragProfess 11KaragProfess 11KaragProfess 11KaragProfess 11KaragProfess 11

Прочитано 255 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.