Жұма, 26 Сәуір 2019 15:10

Қарағанды облысының халық коммунистері гуманитарлық көмек көрсетті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің жетекшілері Теміртау қаласындағы мекемелерге «Шапағат» халықтық жобасы аясында гуманитарлық көмек көрсетті. Халық коммунистері мекемелерге киімдер, аяқ киімдер мен   ойыншықтар салынған барлығы 65 қап тапсырды.

Балалар мен ересектердің киімдері, аяқ киімдер мен ойыншықтар салынған 30 қап «Мой дом» балалы әйелдерге арналған дағдарыс орталығына берілді. Орталық жетекшісі Ирина Жданова мен орталық қамқорлығындағы адамдар коммунистерді ерекше ілтипатпен қарсы алып, алғыстарын білдірді.

-Рахмет! Өмірдің қиын жағдайына тап болғандар үшін кез келген көмек пен қаморлық өте маңызды, - деді орталық жетекшісі.

Бұдан кейін жоба еріктілері «Өмірдің қиын жағдайына тап болғандар үшін ресоциализация орталығына» ат басын тіреді. Бұл мекемеге коммунистер киімдер салынған 20 қап тапсырды.

Киімдер мен ойыншықтар түйілген 20 қапты халық коммунистері «Қарағанды облысының кәмелетке толмағандарды оңалту орталығы» ҚМУ жанындағы өмірдің қиын жағдайына тап болған балалар мен олардың ата-аналарын әлеуметтік оңалту қызметіне үлестірді.

Мекеменің жаңа басшысы Гүлназ Есжанова қонақтарды жақсы қарсы алды.

-Сіздердің сыйлықтарыңыз біздің қамқорлығымыздағы жандар үшін үлкен көмек. Осындай қажетті әрі шынайы жобаны ұйымдастырған партиямен жұмыс жасау біз үшін үлкен қуаныш, - деді мекеме басшысы.

-Бізде «Шапағат» халықтық жобасы аясында көмек көрсетілген үш мекеменің әкімшілігімен жақсы қарым-қатынас қалыптасқан. Әрине бұл байланыс өз жалғасын табатын болады, - деді ҚКХП Қарағанды ОК бірінші хатшысы Александр Зевахин.

temirtay aprei 4temirtay aprei 4temirtay aprei 4temirtay aprei 4

Прочитано 159 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.