Қазақстан Коммунистік Халық патиясының Қарағанды облыстық комитеті «Шапағат» халықтық жобасы аясында Қарағанды облысы Білім беру басқармасының «Қарағанды облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» ҚМУ жанындағы өмірдің қиын жағдайына тап болғандарды, ата-аналар мен балаларды әлеуметтік оңалту қызметіне гуманитарлық көмек көрсетті.

ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің белсенділері бірінші хатшы Александр Зевахиннің басшылығымен «Шапағат» халықтық жобасы аясында Теміртау қаласында орналасқан «Мой дом» аналар мен балаларға арналған дағдарыс орталығына кешенді түрде тағы бір мәрте көмек көрсетті.

ҚКХП Қарағанды облыстық комитетіне «Благодать» қарттар үйінің директоры Татьяна Адиетова хабарласты. Қарттар үйі қазіргі таңда 105 адам тұратын жеке меншік мекеме. Қарт адамдардың көбісі егде жаста жалғыз қалғандар, кейбіреулеріне арнайы күтім керек. Татьяна Александровнаға мұндай пансионат құру идеясы аяқ астынан келген,  ол қиын жағдайға тап болған қарт адамдарды, күтім мен мейірімді қажет ететін егде адамдарды көп көрген.

Наурыз – Қазақстандағы ең жарқын әрі шырайлы мереке. Бұл – қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады.

ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті облыстық ТЖД өкілдерінің қатысуымен 2019 жылғы су тасқыны маусымына дайындық жұмыстарына арналған  кеңейтілген Бюро отырысын өткізді. 

«Әйел – мемлекеттік қызметкер, кәсіпкер, үй шаруасындағы әйел: мәселелері мен келешегі» тақырыбында өткен қоғамдық пікірталаста заманауи қазақстандық қоғамдағы әйелдің рөлі, гендерлік теңдік және барлық құрылымдарда әйелдердің интеграциясы мәселелері талқыланды. Іс-шара Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қарағанды облыстық комитетінің бастамасымен өтті.

5 наурыз күні ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінде ҚКХП ОК Хатшысының саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі, саясаттанушы, «РЕЗОНАНС.KZ» ААП-ның редакторы Сұлтанбек Сұлтанғалиев болды.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы Александр Зевахин 2019 жылдың 5 наурызында өткен Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің ұйымдастырушылық отырысына қатысты.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.