Среда, 16 мая 2018 16:47

Қазақстандық коммунистер Чехия және Моравия Коммунистік партиясының төрағасымен кездесті

Оцените материал
(0 голосов)

Астанада ҚКХП ОК хатшылары мен «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары Чехия Республикасы Парламенті депутаттар Палатасының төраға орынбасары, Чехия және Моравия Коммунистік партиясының төрағасы Войтех Филиппен кездесті. Мейман Чехия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Элишка Жиговамен бірге келді.

Кездесуге қатысушылар елдегі және әлемдегі  саяси жағдайға қатысты пікір алмасты. Екі жақ та Чехия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынас пен партияаралық ынтымақтастықтың нығаюын қолдайтындығын айтты.

Басқосу соңында «Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі Владислав Косарев қонақтарға «Ұлы Қазан Социалистік  революциясының 100 жылдығы» мерейтойлық медалін тапсырды.

ҚКХП ОК Баспасөз қызметі

Прочитано 92 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.