Вторник, 29 мая 2018 16:33

Карл Маркстің 200 жылдығына арналды

Оцените материал
(0 голосов)

23 мамырда ҚКХП Астана қалалық комитеті «Капитал. Қазіргі замандағы

К. Маркс идеясы» деген тақырыппен Карла Маркстің 200 жылдығына арнап, тақырыптық кеш өткізді.

Шараға Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі Владислав Косарев қатысты. Жиынды Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысыМарат Әубәкіров тізгіндеді.

Кеш барысында М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дың  философия-экономика ғылыми кеңесінің мүшесі, экономика ғылымдарының докторы,  профессор Орақ Алиев, философия ғылымдарының докторы, профессор, академик Қазбек Қазкенов, ҚАЗҰӨУ аға оқытушысы, партия мүшесі

Геннадий Филиппов баяндама жасады.

Орақ Жолмырзаұлы «Карл Маркс: адамзаттың ұлы ойшылы» деген тақырыпта сөз сөйлеп, К. Маркстің дүниетанымы адамды сүюге негізделгенін жеткізді.

Қазбек Майлыбайұлы экономика саласының қозғаушы күші жайлы толғанып, Маркс идеясының ерекшеліктерін атады.

Геннадий Анатольевич К.Марстің гуманизмін жоққа шығарды, бірақ оның адамзаттың дамуына қосқан өлшеусіз үлесін мойындады.

Жиынға қатысқан партия мүшелері Сұлтан Баяқов, Татьяна Меңдібаева, Мырзабек Қуатпеков, Аманқос Жағыпар өз ойларымен бөлісіп,  К.Маркстің өмірі мен қызметі жайлы пікір білдірді.

– 1928 жылдан бері Озерное ауылында «Карл Маркс» атындағы ЖШС жұмыс істейді. ЖШС-ның басшылары бірнеше рет ауысты, ал атауы өзгеріссіз қалды. Серіктестікте 500-ден астам адам еңбек етеді. Озерное ауылы халқының жалпы саны шамамен 700 адамды құрайды. Бұл жерде жұмыссыздық жоқ. Кеңес кезінен бері ауылда ештеңе құрдымға кеткен жоқ,

Фабрикалар, жылыжайлар, фермалар сақталып қалды. Мен Карл Марксті ұлы  экономист деп қабылдаймын. Маркс адамдарды еңбек етуге үйретті, – деді жиында сөйлеген сөзінде Владислав Косарев.

ҚКХП Астана қалалық комитеті

IMG 1752IMG 1752IMG 1752IMG 1752IMG 1752IMG 1752IMG 1752IMG 1752

Прочитано 69 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.