Четверг, 21 июня 2018 11:13

Құттықтаймыз! Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Құрметті жолдастар!

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының туған күніне арналған жүрекжарды құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Біз партияның құрылуынан бастап оның ірі саяси ұйымға айналуына дейін ұзақ жолды өткердік. Бұл - партиямыздағы әрбір коммунистің еңбегі.

 Қазақстан Коммунистік Халық партиясы өзінің жас екеніне қарамастан беделді саяси күштердің қатарына кіріп, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру бағытында сәтті саясат жүргізіп келеді. Халық билігі үшін күрес, қарапайым халықтың әлеуметтік-экономикалық және өмірлік мүдделерін қолдау партияның стратегиялық мақсаты болған және болып қала бермек.

Қымбатты жолдастар, құрметті партияластар, Сіздерді шын жүректен  партиямыздың туған күнімен құттықтаймыз. Бейбітшілік пен береке, жаңа жетістіктер тілейміз!

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының

Орталық Комитеті

Орталық бақылау-ревизиялық комиссиясы

Прочитано 103 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.