Понедельник, 02 июля 2018 15:59

Астана қалалық комитетінің мүшелері «Жас Отау» қоғамдық қорының баспасөз мәслихатына қатысты Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

29 маусым күні Астанадағы Ұлттық баспасөз клубында жас отбасылар мен табысы аз адамдарды баспанамен қамтамасыз етуді мақсат еткен республикалық «Жас Отау» қоғамдық қорының екінші баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Астана қалалық комитетінің және «Нұр Отан» партиясы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, танымал ғалымдар мен құрылысшылар қатысты.

Қор Қосшы ауылында салынған, бір шаршы метрі небәрі 160 мың теңгені құрайтын  үш қабатты үйдің таныстырылымын өткізді.  Ұйымдастырушылар жас отбасылар мен коммерциялық баспананы сатып алу мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін Астана  маңынан қолжетімді тұрғын үй салу керектігін айтты. Қазіргі таңда баспананың бір шаршы метрі 300-400 мың теңге тұрады, бұл жас отбасы үшін өте қымбат. Сондықтан бір шаршы метрі 160-170 мың теңге болатындай үйлер салу керек. Қор жас отбасыларға жастар құрылыс кооперативіне бірігіп, үйлердің жобасын құрып,   құрылысын жүргізуді ұсынады.  Бұл жобаны іске асыру үшін әкімдік үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлуі тиіс. Бірақ құрылыс үшін жер учаскелеріне коммуникация жүргізілуі керек, бұл үлкен мәселе болып тұр. Баспасөз мәслихатының басты мақсаты осы мәселе төңірегінде шешім қабылдауды жылдамдату болды.

ҚКХП Астана қалалық комитеті

WyvYXSeimRk

Прочитано 36 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.