Пятница, 12 октября 2018 09:49

КУБА – МЕНІҢ МАХАББАТЫМ! Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

11 қазан күні Астанадағы Агротехникалық университте Куба Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Эмилио Певида Пупо ЖОО-ның оқытушылары мен студенттерімен, №2 қоғамдық мектеп оқушыларымен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Бұл іс-шараға халық коммунистері де белсене қатысты.

Еі алдымен  Эмилио Певида Пупо өз елінің тарихы мен  қазіргі жағдайы туралы айтып берді. Ол бүгінгі іс-шараның Кубаның экономикалық, қаржылық және сауда блокадасына қарсы дүниежүзілік кампаниясы аясында өтіп жатқанын мәлімдеді.

-  АҚШ-тың Кубаға блокадасы бұл – өте күрделі жағдай, Куба халқына, біздің экономикамызға, тіпті біздің менталитетімізге де нұқсан келтірді, - деді елші. – Бұл АҚШ-тың есеп бойынша 12-ші үкіметі жүргізіп отырған қатал, заңсыз және қылмыстық саясаты.

Кубалық дипломат Бостандық Аралына тілектес болған және американдық санкцияларға қарсы шыққан барлық мемлекет өкілдеріне алғысын білдірді.

«Қазақстан-Куба достығы ассоциациясының» басшысы Еркін Сәрсенов мұндай кездесулердің өзектілігі мен көкейкестілігін атап өтті.

- Біз екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастық қозғалысын  нығайту мен әртараптандыру ісіне елеулі үлес қосуға тырысамыз, - деді ол. – Біз блокада мен лаңкестікке қарсы күреске,  сонымен қатар Куба халқын қолдауға бағытталған қызметке ерекше назар аударамыз.  Елдегі барлық қиындықтарға қарамастан, Куба мемлекет экономикасының тұрақты дамуын сақтап келеді.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Астана қалалық комитетінің хатшысы Марат Әубәкіров Кубаны  бостандықтың нышаны деп атады.

- Жастардың Куба Республикасының тарихын түбегейлі әрі нақты оқып білгенін қалар едім, -  деді ол студенттік аудиторияға.

Іс-шараның қадірлі қонағы, Венесуэла Боливариандық Республикасының Уақытша Сенімді өкілі Энрике Антонио мұндай кездесулерді ерекше мәнге ие оқиғалар деп атады.

-  Барлық әлемнің дипломатиясы үшін өзге елдерге тілектестік таныту қажет, - деп мәлімдеді ол.

 Кездесу Кубаға тілектестік білдіру күніне арналған Декларация қабылдаумен аяқталды.

Маргарита НИКИТИНА

Kuba vstrech 1Kuba vstrech 1Kuba vstrech 1Kuba vstrech 1Kuba vstrech 1Kuba vstrech 1

Прочитано 103 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.