Среда, 09 января 2019 11:08

Астаналық коммунистер онлайн қоғамдық қабылдаудың танымалдылығын арттыру мақсатында акция өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 8 қаңтарында ҚКХП Астана қалалық комитеті онлайн қоғамдық қабылдау қызметінің танымалдылығын арттыру мақсатында акция өткізді. Қала тұрғындары арасында жаңа форматтағы қоғамдық қабылдау қызметін пайдалану туралы ақпарат парақшалары таратылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қазан айында қалалық комитеттің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразхановтың бастамасымен Астана қалалық комитетінде онлайн қоғамдық қабылдау қызметі іске қосылған болатын. Онлайн қоғамдық қабылдау арқылы кез келген азамат қашықтықтан тегін заңгерлік кеңес ала алады. Ол үшін 8 775 104 50 46 номеріндегі WhatsApp қосымшасына көкейде жүрген сауалды жолдау қажет.

Бұл тәжірибе жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Жолданған сауалдардың басым бөлігі әлеуметтік жәрдемақы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға арналған жеңілдіктер, банк пен коллекторлық ұйымдардың мерзімі өткен қарыз бойынша талаптарының заңға сәйкестілігі,  мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерінің алынуы, сот шешімдерінің орындалмауы, салық, еңбек, сақтандыру, отбасылық заңнамалар аясындағы қолданыстағы ережелерді түсіндіру мәселелерін қамтыған.

AstAkciyaJan19 4AstAkciyaJan19 4AstAkciyaJan19 4AstAkciyaJan19 4

Прочитано 16 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.