Понедельник, 14 января 2019 09:46

Астаналық коммунистер Д.А. Қонаевтың 107 жылдығына арналған семинар ұйымдастырды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 10 қаңтарында ҚКХП Астана қалалық комитеті Қазақстан Коммунистік жастар одағының кеңсесінде Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Д.А. Қонаевтың 107 жылдығына орай семинар ұйымдастырды.

Өз сөзінде Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразханов Дінмұхамед Қонаев республиканың алғашқы басшысы ретінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.

«Оның тұсында республиканың даму бағдарламасы өнеркәсіптік өндірістің қалыптасуына, ауыл шаруашылығы мен қарқынды құрылысқа бағытталды», - деп қорытындылады Н.Оразханов.

 Қалалық комитеттің жауапты ұйымдастырушысы Ислам Сұңқар Д.Қонаевтың ғылыми қызметіне арналған баяндама жасады. Д.Қонаев 1952-1955 жылдары Қазақстан ғылым академиясының президенті болған, тау ісі саласындағы көрнекті ғалым ретінде танылған. Сонымен қатар спикер қатысушыларды Дінмұхамед Қонаевтың «О моем времени» және «От Сталина до Горбачева» еңбектерімен танысуға шақырды.

Бұған қоса қалалық комитеттің активі және шақырылған қонақтар «Кунаев – достойный сын казахского народа»  деректі фильмінен үзінді тамашалап, оны талқыға салды.  Талқылау барысында көзі тірісінде Д.Қонаевпен таныс болған ҚК Бюросының мүшелері Еркін Саркенов пен Нұрсұлу Сәлімбаева өз естеліктерімен бөлісті.

Алдағы уақытта астаналық коммунистер Астана қ. колледждерінің студенттерімен Д.Қонаевтың 107 жылдығына арналған кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Ast107Kunayev 4Ast107Kunayev 4Ast107Kunayev 4Ast107Kunayev 4

Прочитано 63 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.