Среда, 13 февраля 2019 17:41

Астана қалалық комитетінде ленинградтық блокаданың тарихи маңызы талқыланды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 4 ақпанында ҚКХП Астана қалалық комитетінде Ленинградтың фашистік блокададан толық азат етілуінің 75 жылдығына арналған қоғамдық пікірталас өтті.

1944 жылдың 27 қаңтарында сағат кешкі 8-де қоршаудан азат етілген Ленинградта мерекелік от шашу өтті. Ленинградтықтар 872 күн қоршауда болды. Бұл адамзат тарихындағы ең ұзақ әрі қасіретті оқиға. Шамамен 900 күнге созылған қайғы-қасырет, ерлік пен қаһармандықтың бейнесі.

Ленинградта Балтық флоты мен Мурманск пен Архангельскке жол жатты, сондықтан бұл қала Гитлердің саясаты үшін маңызды еді. Бұл қалалар арқылы одақтастардан көмек келіп тұратын. Қала жауға берілгенде, ол жер бетінен жоғалар еді.

Алайда соңғы кездері тарихи фактілер бұрмаланып, блокаданың мүлдем болмағандығы туралы пікірлер айтылып жүр. Коммунистер мұндай мәлімдемелер қисынсыз деп санайды.

Қоғамдық пікірталаста Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы К.А Акишев атындағы Археологиялық ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Данияр Тлеуғабылов  блокада туралы баяндама оқыды.

Пікірталаста үш сұрақ қарастырылды:

  1. Ленинград блокадасы – қылмыс пе әлде әскери қимыл ма?
  2. Бұл оқиғалардың тарихи маңызы қандай?
  3. ҰОС-қа Қазақстандағы заманауи көзқарас қандай?

Пікірталас барысында қатысушылар фашизмнің кез келген формасына жол берілмеуі тиіс және ол адамзаттың өрескел қателігі ретінде тек тарих беттерін қалуы керек деген ойға тоқталды. Бұған Германия билігінің іс-әрекеті дәлел, олар биылғы жылы Ленинград блокадасының құрбандарына көмек ретінде 12 млн евро бөлді.

Біздің бүгінгі мақсат – Ленинград блокадасы мен жалпы Ұлы Отан соғысының тарихи маңыздылығы туралы естеліктерді сақтау, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

Ast75Blokada 2Ast75Blokada 2

Прочитано 184 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.