Сейсенбі, 09 Сәуір 2019 17:23

Ертең зауытқа Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Астана қалалық комитеті Қазақстан Коммунистік Жастар одағымен бірлесіп, «Мамандықпен танысу» акциясын өткізді.

Колледжге түсуді жоспарлап жүрген 9 сынып оқушылары үшін Астана  Электротехника зауытына экскурсия ұйымдастырылды.

Танымдық акция өте қызық өтті. Оқушылар жұмыс цехтарында болып, жұмыс үдерісін көзбен көрді және заманауи  технологиямен танысты.

– Мұндай кездесулердің жастар үшін маңызы зор, – деп санайды зауыттың өндірістік директоры Бақытжан Омаров. – Жастар үлкен өмірге қадам жасайды.  Олар әзірше жоспар құрып та үлгерген жоқ. Осындай экскурсиялар, кездесулер, акциялар оларға мамандық таңдауда көмек болады.

Оның ойынша, ересектер жастарды мамандыққа қызықтыра білуі тиіс. Себебі кейін кейін алдыңғы буынды алмастырады.

– Жастарды оқыту және оларға бағыт сілтеу керек, – деді директор. – Мамандық дұрыс таңдалуы тиіс. Бізде де кәсбіні жетік меңгерген техникалық мамандық иелері болады.

Зауыт С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетімен, елордадағы колледждермен тығыз байланыс орнатқан. Студенттер зауыттан тәжірибеден өтеді.

– Біздің мамандар кәсіби байқауларға әділ-қазы ретінде қатысады, – деді   Б.Омаров. – Біз жас кадрлармен жұмыс істейміз, себебі олар – біздің болашағымыз. Қазақстанда маман тапшылығы өзекті мәселе. Барлығы

менеджер болғысы келеді, өндірісті таңдайтындар аз. Биік мінбелерден техникалық мамандық иелері жетпейтіні туралы бірнеше рет айтылды.

Қазақстан Коммунистік Жастар одағының төрағасы Радмир Балсарин елімізде кадр тапшылығын шешу үшін жүйелі, жоспарлы жұмыс жүргізілуі тиіс деп санайды. 

– Акция ұйымдастыру арқылы біз оқушыларға мүмкіндік ұсынып отырмыз, – деді ол. – Егер, техникалық мамандықтарға қатысты экскурсиялар мен семинарларды жиі өткізсек, жастардың қызығушылығы артады. Жастар жылында жастарға сенім артып, жағдай жасау қажет.

ҚКХП Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразхановтың сөзінше, мұндай шара жыл сайын өткізіледі. Бұған дейін  коммунистер салалық колледждерге ғана экскурсия ұйымдастырса, осы жолы зауыт көрсету туралы шешім қабылдаған.

– Бұл жастарға мамандық таңдауға мүмкіндік беретін ең тиімді тәсіл. Бірнеше жылдан соң бүгін зауыт аралап жүрген оқушылар осы жерге қызметкер болып келуі ғажап емес. Уақыт өте келе олар өздері өндіріс орнын ашса, таң қалуға болмайды, – деді Н.Оразханов.

AstZavod 4AstZavod 4AstZavod 4AstZavod 4

Прочитано 184 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.