Понедельник, 06 мая 2019 13:28

Депутат медқызметкерлермен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "Халық коммунистері" фракциясының депутаты Тұрғын Сыздықов ҚКХП қалалық комитетінің жауапты ұйымдастырушысы Сұңқар Исламмен бірге Нұр-Сұлтан қаласының қалалық емханасында болып қайтты.

Емхананың бас дәрігері Ләззат Руспекова емхана туралы жалпы мәлімет берді. Жалпы тиімді жұмыс үшін емхана барлық материалдық-техникалық базамен, call-орталықпен жабдықталған. Емханада офтальмолог және аллергологтан басқа барлық мамандар шоғырланған.

Емханада 63000 тұрғын тіркелген, медициналық қызметті жалпы тәжірибелік 16 учаскелік дәрігер, 10 терапевт пен 10 педиатр ұсынады.  

Медициналық қызметкерлердің қорытынды жалақысы базалық қызметтік жалақыдан және қосымша компоненттен құралады. Оған қызмет көрсетілген науқастардың саны жатады, сөйтіп шамамен айына 150 мың теңгені құрайды.

Медициналық қызметтің сапасы науқастардың пікірі есепке алынатын индикаторлар арқылы бақыланады.

Сондай-ақ мәжілісмен емхананың ұжымымен кездесіп, олардың ұсыныстары мен мәселелерін тыңдады.

Емхана ұжымының көтерген негізгі үш мәселесі:

1.Баспана

Бірде бір медқызметкер қала әкімінің 1 млн теңге сертификатын ала алмаған және 7-20-25 бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болмаған.

Қызметкерлердің банктен өтпеулеріне төмен жиынтық табыс себеп болған.   Дәрігерлер отбасылық жатақхана немесе ипотекалық несиелеудің тиімді талаптарын ұсыну мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

  1. Мемлекеттік пакет

Медқызметкерлердің мектепке дейінгі мекемелердегі балаларын жеңілдікпен қамту мүмкіндігі.

  1. Зейнеткерлікке шығу жасы.

Дәрігерлер үздіксіз 25 жылдық еңбек өтілі жағдайында зейнеткерлікке толық немесе жартылай шығу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.

Барлық ұсыныстар мен сұрақтар назарға алынды. Сонымен қатар қызметкерлер жеке және ортақ сұрақтар бойынша депутатқа хат жолдайтын болды.

POLIKLINIKA 6POLIKLINIKA 6POLIKLINIKA 6POLIKLINIKA 6POLIKLINIKA 6POLIKLINIKA 6

Прочитано 13 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.