15 қаңтар күні ҚКХП-ның Парламент Мәжілісіндегі депутаты Тұрғын Сыздықов Астана базарларындағы көкөніс пен жеміс-жидектердің сақталу жағдайымен танысты.

2019 жылдың 10 қаңтарында ҚКХП Астана қалалық комитеті Қазақстан Коммунистік жастар одағының кеңсесінде Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Д.А. Қонаевтың 107 жылдығына орай семинар ұйымдастырды.

Өз сөзінде Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразханов Дінмұхамед Қонаев республиканың алғашқы басшысы ретінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.

2019 жылдың 9 қаңтарында Астана қаласының әкімі Б.Сұлтанов қала активімен кездесу өткізді. Оған ҚКХП Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразханов қатысты.

2019 жылдың 9 қаңтарында ҚКХП Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Нұрдаулет Оразханов «L.С.S.» ЖШС директоры Мейрамбек Өтегеновпен кездесті.

2019 жылдың 4 қаңтарында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Астана қалалық комитетінің Бюро отырысы өтті.

2019 жылдың 8 қаңтарында ҚКХП Астана қалалық комитеті онлайн қоғамдық қабылдау қызметінің танымалдылығын арттыру мақсатында акция өткізді. Қала тұрғындары арасында жаңа форматтағы қоғамдық қабылдау қызметін пайдалану туралы ақпарат парақшалары таратылды.

Капиталды арттыруға ұмтылу басымдыққа ие болған  заманда тегін қызмет көрсетуге ешкім бара бермейді, тіпті балаларды жаңа жылдарымен құттықтау да ақылы. Талдау көрсетіп отырғандай, Аяз Ата мен Ақшақарды шақыру қызметі кем дегенде 8000 теңге тұрады.

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ҚКХП Астана қалалық комитеті 2018 жылдың 11 желтоқсанында Астана қ. Көпбейінді колледж студенттері үшін ҚР Ұлттық музейіне экскурсия ұйымдастырды.

Қалалық комитеттің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразханов колледж студенттері мен оқытушыларын Президент мақаласының негізгі мән-мағынасымен таныстырып,   экскурсияның мақсаты өскелең ұрпақты еліміздің мәдени жетістіктерімен және қазақ жерінің тарихымен таныстыру екендігін айтты.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.