2019 жылдың 8 қаңтарында ҚКХП Астана қалалық комитеті онлайн қоғамдық қабылдау қызметінің танымалдылығын арттыру мақсатында акция өткізді. Қала тұрғындары арасында жаңа форматтағы қоғамдық қабылдау қызметін пайдалану туралы ақпарат парақшалары таратылды.

Капиталды арттыруға ұмтылу басымдыққа ие болған  заманда тегін қызмет көрсетуге ешкім бара бермейді, тіпті балаларды жаңа жылдарымен құттықтау да ақылы. Талдау көрсетіп отырғандай, Аяз Ата мен Ақшақарды шақыру қызметі кем дегенде 8000 теңге тұрады.

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ҚКХП Астана қалалық комитеті 2018 жылдың 11 желтоқсанында Астана қ. Көпбейінді колледж студенттері үшін ҚР Ұлттық музейіне экскурсия ұйымдастырды.

Қалалық комитеттің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразханов колледж студенттері мен оқытушыларын Президент мақаласының негізгі мән-мағынасымен таныстырып,   экскурсияның мақсаты өскелең ұрпақты еліміздің мәдени жетістіктерімен және қазақ жерінің тарихымен таныстыру екендігін айтты.

Сейсенбі, 11 Желтоқсан 2018 10:57

Аязды күндері құстарға қамқор болайық

ҚКХП Астана қалалық комитеті #скворечникчелендж челенджіне қатысты. Жуырда BTS ЖШС ұйымдастырушылық даму бөлімінің жетекшісі, Астана автоклуб альянсының төрағасы Шасалим Шагалимов қоғам назарын Астананың аязды күндері құстарға қамқорлық жасап, құстарға үйшік жасауға аудартты.

ҚКХП Астана қалалық комитетінің мүшелері кітапхана жүйесін жаңғыртуға арналған «Халық комунистері» парламенттік фракциясының депутаттық сауалымен таныстыру мақсатында бірқатар кітапханаларда болып қайтты.

2018 жылдың 4 желтоқсанында ҚКХП Астана қалалық комитетінде Бюро отырысы өтті. Онда партия қатарына қосылуға берілген өтініштер қарастырылды.

ҚКХП Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразханов «Spina Bifida» қоғамдық бірлестігінің президенті Арайлым Құмаржановамен кездесті. Бірлестіктің мақсаты - Spina Bifida мүгедектік диагнозы бар адамдарды әлеуметтендіру, олардың өмір сапасын арттыру, сонымен қатар Қазақстанда Spina Bifida ауруымен ауыратын балалардың ата-аналарына психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету.

2018 жылдың 26 қарашасында ҚКХП Астана қалалық комитеті «Бірге жақсылық жасаймыз» акциясын өткізді.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.