ҚКХП Астана қалалық комитеті үнемі елорданың білім беру мекемелерінде  білім алушыларға түрлі іс-шара ұйымдастырады. Егер ұстаздар қауымы бұған мүдделі болмаса, қалалық комитет өкілдерімен тығыз байланыс орнатпаса, мұндай шаралар  өтпеген болар еді. 

Четверг, 04 октября 2018 17:30

ҚКХП -ХАЛЫҚТЫҢ СҰРАҒЫНА ЖАУАП

Астанада Қазақстан Коммунистік Халық партиясы ОК мен ОБРК-ның V біріккен пленумы өтті. Күн тәртібінің бірінші сұрағында «Халық коммунистері» парламенттік фракциясы көшбасшысының ауысуы қарастырылды. Партияны көп жылдар бойы басқарып келген Владислав Косарев өз еркімен барлық өкілеттілігінен бас тартты. Фракцияның жаңа басшысы болып Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров тағайындалды. Ол әріптестеріне   өз алғысын білдіріп, адал еңбек арқылы сенім үдесінен шығуға уәде берді.  

Среда, 03 октября 2018 17:00

Ардагерлерді ардақтады

2018 жылдың 1 қазанында ҚКХП Астана қалалық комитеті қарттар күніне орайластырып, партия ардагерлеріне мерекелік дастархан жайды.

26 қыркүйек күні ҚКХП Астана қалалық комитетінің кеңсесінде Қазақстан Коммунистік жастар одағының төрағасы Радмир Балсарин  мен Астана ҚК жауапты ұйымдастырушысы Ислам Сұңқар «Ақ жол» ҚДП-ның жастар саясаты және қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Ерболат Нұрғалиевпен кездесу өткізді.

Понедельник, 17 сентября 2018 11:40

«Кітап оқудың қажеті жоқ»

ҚКХП Астана қалалық комитеті «Кітап оқудың қажеті жоқ» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинарды Астана қаласының гуманитарлық колледжінің студенттері үшін «Другой разговор в Астане» жобасының жетекшісі Сұңқар Ислам өткізді.

2018 жылдың 12 қыркүйегінде ҚКХП Астана қалалық комитетінің заңгері М.А. Ахметжанов қалалық комитеттің қоғамдық қабылдау жұмысы аясында Астана қаласындағы онкология орталығының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында әртүрлі мәселелер бойынша бірқатар консультативтік қызмет көрсетілді.

 26 шілде күні ҚКХП Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы М.Әубәкіров Астана қ. Байқоңыр ауданының әкімі Е.Каналимовпен кездесті. Кездесу мақсаты өзара бірлесе отырып, әлеуметтік мәселелерді шешу болды.

ҚКХП Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы, Астана қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті М.Әубәкіровтың бастамасымен қалалық ономастика комитетінің отырысында қала көшелерінің біріне Храпатый Анатолий Михайловичтің есімін беру мәселесі талқыланды.

Храпатый Анатолий Михайлович – кеңестік және қазақстандық ауыр атлет, 1988 жылғы Сеул Олимпиадасының жеңімпазы, 1996 жылғы Атлантадағы Олимпиадалық ойындардың жүлдегері, ауыр атлетикадан әлем және Еуропаның бес дүркін чемпионы, КСРО-ның құрметті спорт шебері (1984).

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.