Сейсенбі, 09 Сәуір 2019 17:23

Ертең зауытқа

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Астана қалалық комитеті Қазақстан Коммунистік Жастар одағымен бірлесіп, «Мамандықпен танысу» акциясын өткізді.

Колледжге түсуді жоспарлап жүрген 9 сынып оқушылары үшін Астана  Электротехника зауытына экскурсия ұйымдастырылды.

2019 жылдың 29 наурызында ҚКХП Астана қалалық комитетінің белсенділері Қазақстан Коммунистік жастар одағымен бірлесе отырып  «Көктемгі шақырылым» акциясын өткізді.

2019 жылдың 28 наурызында ҚКХП Астана қалалық комитеті Гуманитарлық колледж студенттерінің Ұлы Отан соғысының ардагері А.Каймолдинмен кездесуін ұйымдастырды.

Наурыз мерекесі қарсаңында ҚКХП Астана қалалық бөлімшесі жас өспірімдер арасында шашки, шахмат және тоғыз құмалақ сияқты зияткерлік спорт ойындарынан турнир өткізді.

Сейсенбі, 19 Наурыз 2019 13:56

ДӘМДІ АКЦИЯ!

Астаналық коммунистер қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаудың мерекелік эстафетасын алғашқылардың бірі болып бастады. 19 наурыз күні ҚКХП қалалық комитеті  мен «Шапағат» халықтық жобасының өкілдері темір жол вокзалы маңында халықты көктем мерекесімен құттықтады. Коммунистер жолаушылар мен қала қонақтарына дәмді бауырсақ таратты. Ал кішкентай жолаушыларға бауырсаққа  қоса түрлі-түсті шарлар берілді.

15 наурыз күні ҚКХП Астана қалалық комитетінің екінші хатшысы Радмир Балсарин мен жауапты ұйымдастырушы Ислам Сұңқар «Партия дауысы» акциясын өткізді. Олар акция барысында қала тұрғындарын «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының Премьер-министр Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауал мәтінімен таныстырды.

ҚКХП Астана қалалық комитетінің кеңсесінде 2019 жылдың 14 наурызында «Әйел – мемлекеттік қызметші, кәсіпкер, үй шаруасындағы әйел: мәселелері мен келешегі» деген тақырыпта қоғамдық талқылау өтті.

Жазушы Ромен Ролланның «Добро – не наука, оно действие» деген қанатты сөздері ҚКХП  Астана қалалық комитеті кеңсесінің қабырғасында жазылып тұр. Бұл жер Астанадағы «Шапағат» халықтық жобасының да кеңсесі болып табылады. Бұл қанатты сөздерде Қазақстан Коммунистік Халық партиясы жобасының барлық мәні жатыр. Өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға қолдау көрсету жайлы барлығы айта алады. Ал күнделікті күйбең тіршіліктен бір мезет бас алып, балаларына бір үзім нан таба алмай отырған аналарға немесе қақаған аязда жылуға зар болып отырған отбасыларға шынайы көмек көрсетуге жүректері махаббат пен мейірімге толы адамдар ғана бара алады.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.