Осы жылдың 4 сәуірінде ҚКХП Атырау облыстық комитеті мен ҚКХП Жастар қанаты «Мамандықпен танысу» акциясы аясында орта және жоғары сынып оқушылары үшін Атырау политехникалық колледжіне экскурсия өткізді.  

Атырауда Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Коммунистік жастар одағы ҚКХП Атырау облыстық комитеті мен Аймақтық дене шынықтыру және спорт орталығының қолдауымен оқушылар мен студенттер арасында волейболдан турнир өткізді.

Егер де Сіз Қазақстан Республикасының жасы  кәмелетке толған азаматы болсаңыз, ешқандай партияның мүшесі болмасаңыз, ҚКХП  Бағдарламасы мен Жарғысын қолдасаңыз, Отаныңыздың тағдырына бей-жай қарамасаңыз, коммунистік идеалдар үшін күресуге дайын болсаңыз – Сіз коммунист бола аласыз!

Орал өзенінде балықтардың жаппай қырылуы өткен жылдың желтоқсан айында басталды. Балықтар өзен мен балық өсіру шаруашылықтарында да қырылған. Аймақта ведомствоаралық комиссия жұмыс жасап жатыр.

21 ақпан күні ҚКХП Атырау облыстық комитетінің ұйымдастыруымен Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Жастар – елдің стратегиялық ресурсы» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті.

Таяуда Атырау қаласының Жеңіс саябағында Ауғанстан аумағынан кеңес әскерилерінің шығарылуының 30 жылдығына орай жауынгер-интернационалистердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері, олардың туысқандары, ҚКХП мүшелері, Атырау гарнизонының әскери қызметкерлері, ЖОО мен колледж студенттері қатысты.

Среда, 13 февраля 2019 11:10

Жаңа адамдар – жаңа идеялар!

Осы жылдың 9 ақпанында ҚКХП Атырау облыстық комитетінің кеңсесінде ҚКЖО-ның жаңа белсенділерімен танысу шарасы өтті. 

7 ақпан күні Атырау индустриалды колледжінде өткен қоғамдық пікірталас осы өлең жолдарымен басталды. Ленинградтың фашистік блокададан толық босауының 75 жылдығына арналған іс-шараға ардагерлер, тарихшылар, музей қызметкерлері қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушысы - ҚКХП Атырау облыстық комитеті.

Страница 1 из 7

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.