Вторник, 17 апреля 2018 12:50

Атырауда «Көктемгі шақырылым» акциясы бастау алды

Оцените материал
(0 голосов)

«Егер Сіз Қазақстан Республикасының кәмелет жасқа толған азаматы болсаңыз, басқа партияның мүшелігінде тұрмасаңыз, ҚКХП-ның Бағдарламасы мен Жарғысын қолдасаңыз, өз Отаныңыздың тағдырына бей-жай қарамасаңыз, коммунистік мұрат үшін күрескіңіз келсе, Сіз коммунист болуға лайықтысыз!» деген сөздермен «Көктемгі шақырылым» акциясына бастау берілді.

Акция барысында ҚКХП Атырау облыстық комитетінің Жастар қанаты оның көшбасшысы М.А. Федотованың жетекшілігімен халық коммунистерінің парақшалары мен жабыстырмаларын таратты.  Қазақстан коммунистерінің қатарына қосылу туралы үндеу қаланың LED-экрандарында көрсетілді.

 Үгіт-насихат іс-шарасы барысында атыраулық комсомолдықтар қала тұрғындарына Қазақстан Коммунистік Халық партиясы  шынайы халық билігі мен әлеуметтік әділдікті, ғылыми-техникалық үдеу мен ғылыми социализм ұстанымдары негізінде дамыған экономика мен еркіндікті мақсат тұтатындығын жеткізді.

- Біздің идеологияға сай қоғамның негізі азаматтық құқыққа және өз қабілетін  дамыту мүмкіндіктеріне ие адам болып табылады. Қатарға қабылданған жаңа коммунистер бұл талаптарға толыққанды жауап беретіндігіне сеніміміз мол, - деді ұйымдастырушылар.

«Көктемгі шақырылым» акциясы 2018 жылдың 12 маусымына дейін жалғасады.

atyr13atyr13atyr13atyr13atyr13atyr13atyr13atyr13atyr13atyr13atyr13atyr13

Прочитано 16 раз
Другие материалы в этой категории: Атырау облысы кәсіпкерлерінің форумы »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.