Вторник, 17 апреля 2018 18:45

Атырауда «Жемқорлыққа жаппай қарсылықты қалыптастырудағы руханият пен адамгершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Оцените материал
(0 голосов)

10 сәуір күні Атырау мұнай және газ институтында  ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жаппай қарсылықты қалыптастырудағы руханият пен адамгершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Талқылауға қоғамдық және діни қауымдастықтардың өкілдері мен Дін істері  басқармасының мамандары, ал ҚКХП атынан дөңгелек үстел жұмысына Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Е.Дәулетқазиев қатысты.

Қатысушылар рухани-адамгершілік аясында жемқорлыққа қарсы тұру, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, діни және үкіметтік емес ұйымдардың жемқорлыққа қарсы жұмыстарын кеңейту туралы сұрақтарды талқыға салды.

Сарапшылардың ақпараты бойынша, Қазақстанда соңғы жылдары дінге бет бұрған адамдардың, әсіресе жастар арасында саны артқан. Республикадағы қазіргі заманғы  діни ахуал халықтың өзіндік полиэтникалық құрылымымен анықталады: елде 130 астам этникалық топ, 40 астам  конфессияны құрайтын үш жарымнан астам діни қауымдастық бар.

Дөңгелек үстел қатысушылары мемлекеттің жемқорлыққа қарсы саясатының сәтті іске асырылуы азаматтық қоғам институттарының қатысуымен ғана мүмкін екендігін айтты.

ҚКХП Атырау ОК Баспасөз қызметі

Stol7Stol7Stol7Stol7Stol7Stol7

Прочитано 38 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.