Среда, 02 мая 2018 18:10

Көктемгі марафон

Оцените материал
(0 голосов)

Атырауда Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне орай Көктемгі марафон ұйымдастырылды. Оған облыстың барлық аудандарынан 300-ден астам бала қатысты. Жүгіру 10 және 21 шақырым қашықтыққа өтті.

Марафонды Атырау аймақтық дене тәрбиесін және спортты дамыту орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының мүшесі Сәдіржан Жекенов ұйымдастырды. Шақырылған қонақтар арасында ҚКХП Атырау ОК бірінші хатшысы Е.Ғ. Дәулетқазиев пен ОК Жастар қанатының белсенділері де болды.

«Марафон өткізу бірінші кезекте саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған», - деп атап өтті Е.Дәулетқазиев.

Марафон жеңімпаздарына медальдар мен грамоталар және сыйлықтар табысталды.

ҚКХП Атырау ОК

Aty12 m1 11Aty12 m1 11Aty12 m1 11Aty12 m1 11Aty12 m1 11Aty12 m1 11Aty12 m1 11Aty12 m1 11Aty12 m1 11Aty12 m1 11Aty12 m1 11

Прочитано 42 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.