Четверг, 10 мая 2018 15:44

Атырауда Отан қорғаушылар күні аталып өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

7 мамыр күні Атырау қаласында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Е.Дәулетқазиев шақырылды.

Биыл   Отан қорғаушылар күніне орай «Отар» 40-әскери базасында Жауынгерлік парад өтті.  Жауынгерлік парадқа 3 мыңға жуық әскери қызметші, 300-ден астам әскери техника және 40-қа жуық авиация техникасы қатысты. Парадқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысты. Жамбыл облысында өткен жауынгерлік парадқа барлық облыс басшылары қатысып, сап түзеді. Биылғы парад екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде әкімдерге аймақтық қорғаныс бригадаларының тулары табысталды. Бұдан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. Ол өз сөзінде қазіргі заманғы геосаяси жағдайда Қазақстан  кез келген жағдайға дайын болу керектігін атап өтті.

Парад бір сағаттан астам уақытқа созылды. Кейін көрермендер әскери техника көрмесімен танысты.

32104792 1653738851377486 2351230900747894784 n32104792 1653738851377486 2351230900747894784 n32104792 1653738851377486 2351230900747894784 n32104792 1653738851377486 2351230900747894784 n32104792 1653738851377486 2351230900747894784 n32104792 1653738851377486 2351230900747894784 n32104792 1653738851377486 2351230900747894784 n32104792 1653738851377486 2351230900747894784 n32104792 1653738851377486 2351230900747894784 n32104792 1653738851377486 2351230900747894784 n32104792 1653738851377486 2351230900747894784 n32104792 1653738851377486 2351230900747894784 n32104792 1653738851377486 2351230900747894784 n32104792 1653738851377486 2351230900747894784 n32104792 1653738851377486 2351230900747894784 n32104792 1653738851377486 2351230900747894784 n32104792 1653738851377486 2351230900747894784 n

Прочитано 59 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.