Понедельник, 21 мая 2018 10:05

Атыраулық коммунистер пионерия күнін атап өтті

Оцените материал
(0 голосов)

19 мамыр күні пионерлер ұйымына 96 жыл толды. 1922 жылдың 19 мамырында ІІ Жалпыодақтық РЖКО конференциясында «Балалар қозғалысы» қарастырылды. Сол кезден бастап қызыл галстук балалардың коммунизм құрудағы ауқымды жобаға қатыстылығын білдіретін болды. Ол КСРО-дағы әлеуметтік есеюдің үлкен жүйесіне айналып (октябренок — пионер — комсомол), балалар мен жасөспірімдер арасында идеологиялық негізді құрып, өсуге деген ынтаны және жетілуді қалыптастыруға бағыттады.

2018 жылдың 18 мамырында пионерлік ұйымның 96 жылдығына және оған В.И. Лениннің атын беруінің 94 жылдығына орай ҚКХП Атырау облыстық комитетінде комсомол және пионер ұйымдарының ардагерлерінің қазіргі мектеп тәлімгерлерімен кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты тәжірибе алмасу және дәстүр сабақтастығы болды.

 ҚКХП Атырау ОК бұл күні кеңсеге Гурьевтің пионерлік қозғалысын дамытып, оның жетістіктері мен ел дамуына қосқан үлесі туралы естелікпен бөлісетін азаматтарды шақырды. Жас пионерлер Ұлы Отан соғысы жылдары ерлік жасап, майданға кеткен әке-шешелерінің орнына зауыттарда жұмыс істеді. Соғыс аяқталған соң қала мен ауылдарды қалпына келтіру жұмыстарына қатысты.

Іс-шара барысында ҚКХП ардагерлері мен белсенділеріне «Ұлы Қазан Социалистік революциясының 100 жылдығы» мерейтойлық медальдары және партияның жаңа мүшелеріне партиялық билеттер табысталды.

ҚКХП Атырау облыстық комитетінің Баспасөз қызметі

IMG 1719IMG 1719IMG 1719IMG 1719IMG 1719IMG 1719IMG 1719IMG 1719IMG 1719IMG 1719IMG 1719IMG 1719IMG 1719IMG 1719IMG 1719IMG 1719IMG 1719IMG 1719IMG 1719IMG 1719IMG 1719IMG 1719IMG 1719

Прочитано 89 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.