Четверг, 31 мая 2018 17:15

В.Косаревтың Атырау облыстық комитетінің белсенділерімен кездесуі

Оцените материал
(0 голосов)

25 мамырда Қазақстан Респубикасы Парламент Мәжілісінің депутаттық тобының Атырау облысына жұмыс сапары аясында «Халық комунистері» фракциясының жетекшісі Владислав Косарев ҚКХП Атырау облыстық филиалының белсенділерімен кездесті. 

В.Косаревпен кездесуге облыстық комитеттің Жастар қанатының белсенділері мен мүшелері, партия ардагерлері – Гурьев ЛКЖО бұрынғы жұмыскерлері, Ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Құрметті қонақтар қатарында облыстық атқару комитетінің бұрынғы төрағасы, Атырау облысының құрметті азаматы Есен Тасқынбаев және Гурьев облыстық комитетінің хатшысы Әнес Бисенов болды.

Жиналғандармен амандасқан соң мәжілісмен қатысушыларға ҚКХП Орталық комитетімен және «Халық коммунистері» депутаттық фракциясымен 2017 жылы атқарылған жұмыстар және ҚКХП 2018 жылға арналған жоспары туралы ақпарат берді. В.Косарев Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік жастар одағының 100 жылдығын атап өтуге дайындық шараларының барысы туралы мәлімдеді. Депутат сонымен қатар ҚР Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің Атырау облысының әскери бөлімшелеріне жұмыс сапарының қорытындысы, әскери қызметкерлермен және еңбек ұжымдарымен кездесуі туралы әңгімеледі.

Белсенділермен кездесуде В.Косарев өркениет дамуының қазіргі кезеңінде коммунистік идеялар күн сайын өзекті бола түскенін алға тартты. Солай дей тұра, партия ел басшылығының басты құндылық – адамның үйлесімді дамуы, барлық халықтардың дәстүрлі және рухани байлығын сақтауы үшін жағдай жасауға негізделген саяси бағдарын белсенді қолдайтынын баса айтты. Және бұл үдерістері басты қауіптің бірі, ҚКХП мүшелерінің ойынша, батыстық жүйенің жалған жеңісін насихаттау болып табылады.

– Батыстың күмәнді стандарттары біздің өмірімізге дендей кіріп, жастардың санасын, намысы мен ақылын жаулап, жалған екіжүзді көзқарасты қалыптастыруда. Біз барлығымыз – үлкендер де, жас ұрпақ та бұған қарсы тұруымыз керек. Бізде өзіміздің берік мәдени және ұлттық құндылықтарымыз бар, - деді Владислав Борисович. 

Партияның жас мүшелеріне үн қатқан депутат коммунивтік құндылықтарды алға жылжытатын болашақ күш ретінде олардың батыстық жалған қауіпті мәдениеттің  белең алуына кедергі болу керектігін баса айтты. Коммунизм құндылығы мен идеалы жолындағы күреске қолдан келетін үлес осы болмақ.

Кездесу соңында облыстық комитеттің Жастар қанатының белсенділеріне партияның жастар қозғалысын дамытуға үлестері үшін алғыс хаттар тапсырылды.

– Ерекше сөзді жастарға арнағым келеді. Сіздер мақтан тұтар, Сіздер үлгі алар адамдар да, жағдайлар да, Сіздер сақтайтын, қорғайтын,  сақтап қалуға тырысатын, жасайтын, жаңғыртатын нәрселер де жетерлік. Бүгінде, әкелеріңіздің, аталарыңыз бен бабаларыңыздың жас күніндегідей туған жердегі өмірдің бақытты болуы сіздерге байланысты, - деп Владислав Борисович жас коммунистерге тілегін жеткізді.

Кездесуде ҚКХП жаңа мүшелеріне партиялық билеттер табысталды.

33990065 1673370066081031 4725816029765173248 n33990065 1673370066081031 4725816029765173248 n33990065 1673370066081031 4725816029765173248 n33990065 1673370066081031 4725816029765173248 n33990065 1673370066081031 4725816029765173248 n33990065 1673370066081031 4725816029765173248 n33990065 1673370066081031 4725816029765173248 n33990065 1673370066081031 4725816029765173248 n33990065 1673370066081031 4725816029765173248 n33990065 1673370066081031 4725816029765173248 n33990065 1673370066081031 4725816029765173248 n33990065 1673370066081031 4725816029765173248 n33990065 1673370066081031 4725816029765173248 n33990065 1673370066081031 4725816029765173248 n33990065 1673370066081031 4725816029765173248 n33990065 1673370066081031 4725816029765173248 n33990065 1673370066081031 4725816029765173248 n

Прочитано 598 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.