Четверг, 07 июня 2018 16:20

Өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесі – заман талабы

Оцените материал
(0 голосов)

5 маусым күні Атырау облысы әкімдігінің ғимаратында «Өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесі – заман талабы» тақырыбында Атырау облысы Ардагерлер кеңесінің ІІІ біріккен пленумы  өтті. Жиынға ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Е.Дәулетқазиев және ҚКХП Атырау ОК Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Кушенов қатысты.

Ардагерлер кеңесінің ІІІ пленумында рухани-адамгершілік және әскери-патриоттық тәрбие берудегі белсенділікті арттыру мәселелері көтерілді. Отырысқа қатысушылар аудандағы Ардагерлер кеңесінің Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» және «Бес әлеуметтік бастама» бағдарламаларын іске асыру барысында атқаратын жұмыстарын талқылады.  Пленум соңында ҚКХП Атырау ОК бірінші хатшысы Е.Дәулетқазиевқа «Ардагерлер ұйымы» Орталық кеңесінің төралқа шешімімен «Отан Патриоты» құрметті медалі және ҚКХП Атырау ОК Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Кушеновқа «Қазақстан Республикасындағы патриоттық қозғалыстың дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін» Х.Доспанова атындағы медаль табысталды.

34506045 209819326499956 2749146241899167744 o34506045 209819326499956 2749146241899167744 o34506045 209819326499956 2749146241899167744 o34506045 209819326499956 2749146241899167744 o34506045 209819326499956 2749146241899167744 o

Прочитано 86 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.