Четверг, 14 июня 2018 14:28

Атырауда ауылдық аумақтар мәселесіне қатысты қоғамдық пікірталас өтті

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы өзінің бағдарламалық құжаттары мен заң шығару қызметінде қатардағы азаматтардың, әсіресе ауыл жұмысшыларының мүддесін басшылыққа қояды. Әрбір екінші депутаттық сауал елді мекендерде жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы өндірушілері, агрария мен мал өсірушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

21 сәуір күні Астанада өткен ҚКХП ОК мен ОБРК біріккен Пленумында ҚКХП-ның ауылды аумақтарды дамыту мәселелеріне қатысты Мәлімдемесі мақұлданып, 2 мамыр күні ҚКХП ОК хатшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Қоңыров осы тақырып бойынша депутаттық сауал жариялады. 

Депутат ЭЫДҰ елдері арасында ауылдық аумақтарды дамыту деңгейі бойынша Қазақстан артта қалып отырғанын айтты. «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы ел Президентінің әлеуметтік мемлекетке бағыттаған бағдарын іске асыру үшін ауылдық аумақтарды басқарудың кешенді  саясатын құру, ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыру үшін стандарттарға қол жеткізу қажет деп санайды», - деп белгіленген депутаттық  сауалда.

ҚКХП Атырау ОК аталмыш құжатпен халықты таныстыру үшін іс-шаралар өткізіп жатыр. Жуырда Атырауда Қайыршахтинск ауылдық округы тұрғындарының, әкімдік және БАҚ өкілдерінің қатысуымен қоғамдық пікірталас өтті. Кездесуде осы ауылдық округ тұрғындарының көкейлерінде жүрген мәселелер талқыланды. Ауыл тұрғындары газ тарифінің өсуіне, ауыз су сапасына, жол белгілерінің жоқтығы мен қоғамдық жерлердің жарықсыз тұрғанына қатысты шағымданды. ҚКХП мүшелері ауылды жерлердегі өмір сүру сапасын арттыру бойынша іс-шаралар туралы тұрғындардың пікірін тыңдады. Ауылдық округтың әкіміне нақты ұсыныстар берілді.

34839951 1683726661712038 7258879726813446144 n34839951 1683726661712038 7258879726813446144 n34839951 1683726661712038 7258879726813446144 n34839951 1683726661712038 7258879726813446144 n34839951 1683726661712038 7258879726813446144 n34839951 1683726661712038 7258879726813446144 n34839951 1683726661712038 7258879726813446144 n34839951 1683726661712038 7258879726813446144 n

Прочитано 73 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.