Пятница, 29 июня 2018 14:22

Атырау облыстық комитеті БАҚ қызметкерлерін құттықтады

Оцените материал
(0 голосов)

28 маусым күні Қазақстанда Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні аталып өтеді. Осыған орай ҚКХП Атырау ОК кеңсесінде ҚКХП мүшелерінің облыстың алдыңғы қатарлы БАҚ жетекшілерімен кездесуі өтті.

ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Е.Ғ. Дәулетқазиев өзінің құттықтау сөзінде  медиялық кеңістікте бұқаралық ақпарат құралдарына ерекше рөл берілгендігін атап өтті.

-Қазақстанда журналист мамандығы ерекше құрметке, ал басылымдар үлкен танымалдылыққа және сенімге ие. Мұның барлығы ақпаратты жедел түрде жеткізу, оқиғаларға терең талдау жүргізіп, аудиторияға ұсына білу қабілеті нәтижесінде қалыптасады. Құрметті байланыс және ақпарат саласының қызметкерлері! Қазіргі заманды ақпаратсыз елестету мүмкін емес, сондықтан  біз бүгін ақпарат құралдары мен полиграфия және байланыс саласының қызметкерлеріне құрметімізді көрсетіп отырмыз.  Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! – деді обком жетекшісі Е.Ғ. Дәулетқазиев.

36369130 1710152155736155 6060721333132591104 n36369130 1710152155736155 6060721333132591104 n36369130 1710152155736155 6060721333132591104 n36369130 1710152155736155 6060721333132591104 n36369130 1710152155736155 6060721333132591104 n36369130 1710152155736155 6060721333132591104 n

Прочитано 61 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.