Понедельник, 02 июля 2018 13:24

Атыраулық коммунистер «Әкімге сұрақ қой» акциясын өткізді

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Атырау ОК Жастар қанатының белсенділері жыл сайынғы «Әкімге сұрақ қой» акциясын өткізді. Акцияның басты мақсаты облыс орталығы тұрғындарының көкейінде жүрген мәселелермен танысу және ұсыныстарын білу болып табылады.  Сауалнама барысында қала тұрғындары мен қонақтарға «Коммунист Казахстана» журналы таратылды.

Сауалнама нәтижесі бойынша ҚКХП Атырау облыстық комитеті Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлына хат жолданды. 

Атыраулықтар жергілікті билікке Орал жағалауындағы жаяу жүргіншілер көпірі жағын аббаттандыру мен жарықтандыру мәселесіне назар аудартуды, қосымша арқасы бар орындықтар орнатуды, ағаштарға күтім көрсетуді ұйымдастыруды және жасыл көшеттерді суару жүйесін реттеуді, платикалық қоқыс жәшіктерін металлға ауыстыруды ұсынды. Сонымен қатар қала тұрғындарын азық-түлік дүкендерінің санитарлық жағдайы алаңдатып отыр. Сауалнамаға қатысушылар көшелерді кеңейту мен М.Горький көшесінің тұйық бөлігіне асфальт жабындысын төсеу жұмыстарын жалғастыру қажеттігін айтты.

36288574 1822885908020343 5906159410203328512 n36288574 1822885908020343 5906159410203328512 n36288574 1822885908020343 5906159410203328512 n36288574 1822885908020343 5906159410203328512 n36288574 1822885908020343 5906159410203328512 n36288574 1822885908020343 5906159410203328512 n36288574 1822885908020343 5906159410203328512 n36288574 1822885908020343 5906159410203328512 n

Прочитано 20 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.