Вторник, 09 октября 2018 09:44

Атырау қаласының 378 жылдығы аталып өтілді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

6 қазан күні Атырауда  қаланың 378 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл іс-шараға ҚКХП-ның Жастар қанаты мен Атырау ОК бірінші хатшысы Е.Дәулетқазиев қатысты.

Қала күнін тойлау бұқаралық велошеруден басталды. Оған мыңнан аса қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Кейін Сұлтан Бейбарыс алаңында жергілікті шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерт және ұлттық спорт түрлерінен ашық турнир өтті.  Сонымен қатар сәндік-қолданбалы бұйымдардың жәрмеңкесі  де ұйымдастырылды. Пирс маңында байдарка мен каное есуден қалалық тунир өтті.

 Мереке барысында қала әкімі арнайы қала тұрғындары үшін әзірленген ұзындығы 10 метр және ені 80 саниметр болатын тортты кесті.

Қала күні қарсаңында Атырауда 800 орынға арналған аквапарк ашылды. Жаңа заманауи нысан барлық стандарттарға сай салынған.

Мерекелік іс-шара қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концертпен аяқталды.

AtirDenGoroda 1AtirDenGoroda 1AtirDenGoroda 1AtirDenGoroda 1AtirDenGoroda 1AtirDenGoroda 1AtirDenGoroda 1

Прочитано 45 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.