Среда, 05 декабря 2018 12:18

Атырау облыстық комитетінде төтенше жағдай кезінде халықты жедел ескерту жүйесінің мәселелері талқыланды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

29 қараша күні Атырау облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «Төтенше жағдай кезінде халықты жедел ескерту жүйесі. Мәселелер мен оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар ескерту құралдарының техникалық жағдайын, шұғыл әрекет ету мақсатындағы кезекші құрамның дайындығын, атқарушы биліктің оқыс оқиғалардың алдын алуға бағыттаған қаржысын назар нысанына алды.

Облыс аумағында Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты 27 ескерту жүйесі орнатылған. Алайда олардың басым бөлігі жаңғыртуға сұранып тұр. Бұл туралы Атырау облыстық ТЖД өкілі жасаған баяндамада айтылды.

Басқосу барысында Денсаулық сақтау басқармасы мен Атырау облыстық Төтенше жағдайлар, табиғат апаттарын жою және алдын-алу, азаматтық қорғаныс, мобилизациялық дайындық басқармасы және полиция департаменті мен жергілікті БАҚ өкілдерінің пікірі мен ұсынысы тыңдалды.

AtirayOpovesh 4AtirayOpovesh 4AtirayOpovesh 4AtirayOpovesh 4

Прочитано 18 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.