Вторник, 11 декабря 2018 14:12

9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Бұл күн БҰҰ бастамасымен 2003 жылдан бері аталып өтіледі. Осыған орай, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен Атырау қаласының Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында облыстық форум өтті.

Шараға мұрындық болған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті. Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын арттыру. Іс-шараға барлық мемлекеттік орган басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Форум үстінде бірқатар азаматтар алғыс хаттармен марапатталды, соның ішінде ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Е.Дәулетқазиев та бар.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 2004 жылдан бастап жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі. 2003 жылғы 1 қарашада Мексиканың Мерида қаласында жоғары деңгейде өткен саяси конференцияда БҰҰ Бас Ассамблеясы Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы қабылданды.

Конвенцияның мақсаты - жемқорлықтың алдын алу және жою. Конвенция жемқорлықтың алдын алу шараларын, сондай-ақ онымен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың механизмін қарастырады және соған сәйкес заңнамаларды жетілдіріп отырады. Конвенция ережелеріне сәйкес, сыбайлас жемқорлық салдарынан келген ақша қай елден келсе, сол елге қайтарылып отырады.

Қазіргі уақытта Конвенцияға 140-қа жуық мемлекет қол қойып, 80-ге жуығы ратификацияланды. Қазақстан осы Конвенцияны 2008 жылдың мамыр айында ратификациялады.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күреске белсене араласқандығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық мемлекеттермен және тиісті халықаралық ұйымдармен сындарлы өзара іс-қимыл жасауға дайын екендігін көрсетті.

AtirauCorrupt 10AtirauCorrupt 10AtirauCorrupt 10AtirauCorrupt 10AtirauCorrupt 10AtirauCorrupt 10

Прочитано 257 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.