Вторник, 25 декабря 2018 18:05

Атырауда әскери-спорттық зияткерлік эстафета өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

21 желтоқсан күні Атыраудағы «Мұнайшы» спорт кешенінде Атырау облысының әскери-патриоттық клубтары арасында «Жас сарбаз» әскери-спорттық зияткерлік эстафетасы өтті. Іс-шараны Атырау аймақтық  дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығы ұйымдастырды.  Құрметті қонақ ретінде ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Е.Дәулетқазиев шақырылды. Е.Дәулетқазиев Атырау облысы мен республикадағы алғашқы әскери-патриоттық слеттардың бастамашысы және негізін қалаушылардың бірі болып табылады.

- Менің түсінігімде патриотизм бұл – Отан мен халыққа деген махаббат, қиын кезде еліңді қорғауға деген ұмтылыс пен адалдық, өз еліңнің әлеуметтік және мәдени жетістіктеріне,    тарихи естеліктеріне деген мақтаныш, мұра боп қалған дәстүрді сақтау және жарқын болашаққа деген ұмтылыс. Нағыз интернационалист және өз Отанының патриоты ретінде барлықтарыңызға сәттілік тілеймін! – деді қатысушылар мен қонақтар алдында сөйлеген сөзінде Ерболат Ғұсманұлы. 

Жарыс бағдарламасына саптық байқау, зияткерлік викторина, қару-жарақты бөлшектеп бұзу мен жинау, медициналық даярлық, атыс, физикалық дайындық кірді. Мұндай жарыстар қатысушылардың физикалық шыдамдылығын нығайтып, әскери нормативтерді орындау бойынша алғашқы дағдыны қалыптастырады.

AtirauVoennoSportEstaf 13AtirauVoennoSportEstaf 13AtirauVoennoSportEstaf 13AtirauVoennoSportEstaf 13AtirauVoennoSportEstaf 13AtirauVoennoSportEstaf 13AtirauVoennoSportEstaf 13AtirauVoennoSportEstaf 13AtirauVoennoSportEstaf 13AtirauVoennoSportEstaf 13AtirauVoennoSportEstaf 13AtirauVoennoSportEstaf 13AtirauVoennoSportEstaf 13

Прочитано 45 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.