Пятница, 08 февраля 2019 11:10

Ленинградтық өренім! Мақтанышым сен едің! Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

7 ақпан күні Атырау индустриалды колледжінде өткен қоғамдық пікірталас осы өлең жолдарымен басталды. Ленинградтың фашистік блокададан толық босауының 75 жылдығына арналған іс-шараға ардагерлер, тарихшылар, музей қызметкерлері қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушысы - ҚКХП Атырау облыстық комитеті.

– Соғыс бейбіт адамдардың өміріне қайғы-қасірет әкелді. Кеңес халқы көптеген соғыстарды бастан кешті, бірақ ешқашан еңселерін түсірмеген. Жауға қарсы тұра білген. Фашистік Германияға қарсы күрес кеңес халқының ерен ерліктері мен қаһармандықтарының бейнесі, - деді өз сөзінде Атырау индустриалды колледжінің әлеуметтік мәселелер мен тәрбие ісі жөніндегі проректоры Аққали Ахмет.

Қатысушыларға Ленинград блокадасы туралы деректі фильм көрсетілді.

Еңбек ардагері, тыл еңбеккері Константин Кулагин өз естелігімен бөлісті: «Соғыс басталғанда мен 11 жаста едім. Гурьев облысы, Денгиз ауданына қарасты Ковылево селосында тұрдым. Жас жігіттердің майданға аттанғанын көрдім, өкінішке орай, олардың көбісі қайтіп оралмады.  Біз сол жылдары блокадада болғандардың ерлігіне бас иеміз, олар Ленинградпен қатар Отанды қорғады».

- Өскелең ұрпақ үшін Ұлы отан соғысы туралы естелікті сақтап қалу өте маңызды. Бұл сіздердің болашақтарыңыз үшін қажет, яғни біздің еліміздің болашағы үшін маңызды. Біз үшін тарихи естелікті сақтау – міндет, - деді іс-шара соңында Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Е.Дәулетқазиев. 

AtirauBlokada75let 7AtirauBlokada75let 7AtirauBlokada75let 7AtirauBlokada75let 7AtirauBlokada75let 7AtirauBlokada75let 7AtirauBlokada75let 7

Прочитано 224 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.