Жұма, 22 Ақпан 2019 09:58

Атырауда жастар мәселесіне арналған қоғамдық пікірталас өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

21 ақпан күні ҚКХП Атырау облыстық комитетінің ұйымдастыруымен Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Жастар – елдің стратегиялық ресурсы» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті.

Қоғамдық пікірталас барысында жас отбасылар үшін баспана қолжетімділігі, жас мамандардың жұмыспен қамтылуы, өскелең ұрпақ тәрбиесі мәселелері талқыланды. Іс-шараға Атырау облысы Жастар саясаты басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының өкілдері, БАҚ, обком белсенділері және партияның Жастар қанаты қатысты.

Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Е.Дәулетқазиев  қазіргі таңда «жақсы жұмыс орнына» жақсы таныстарсыз орналасу мүмкін еместігін айтты.  «Жастар жақсы өмір іздеп қалаға қоныс аударады, қалаға келіп баспана мәселесіне тап болады. Табыстарының басым бөлігін пәтерге төлейді, сөйтіп ақша жинауға да мүмкіндік болмайды. Жастар үшін арнайы ипотекалық бағдарламалар да жоқ»,- деді спикер.  Обком жетекшісі бұл жас отбасылардың да басында жүрген мәселе екендігін айтты. Баспанаға қол жеткізе алмаудың салдарынан көптеген жас отбасылар ажырасып жатады.

- ҚКХП құрылған күннен бастап жастардың патриоттық тәрбиесіне ерекше мән беріп келеді. 2017 жылы Қазақстан Коммунистік жастар одағы өз жұмысын бастады. Оның мақсаты: жастардың әлеуметтік, мәдени және экономикалық мүддесін қолдау, жастардың бос уақыттарын ұйымдастыру,  саламатты өмір салтын насихаттау, студенттік қозғалыстарға қолдау көрсету, дарынды жастарды және  жастар идеясын қолдау.  Белсенді, дені сау және білімді жастар бұл – еліміздің жарқын болашағы екендігін түсіну қажет, - деді өз сөзінде Атырау ОК Жастар қанатының жетекшісі М.Федотов.

Қоғамдық пікірталас соңында қатысушылар Қазақстан Коммунистік  Халық партиясының елдегі жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсынысымен таныс болды.

AtirMolodezh 8AtirMolodezh 8AtirMolodezh 8AtirMolodezh 8AtirMolodezh 8AtirMolodezh 8AtirMolodezh 8AtirMolodezh 8

Прочитано 203 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.