Жұма, 15 Ақпан 2019 10:30

Ауған соғысы құрбандарының құрметіне Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Таяуда Атырау қаласының Жеңіс саябағында Ауғанстан аумағынан кеңес әскерилерінің шығарылуының 30 жылдығына орай жауынгер-интернационалистердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері, олардың туысқандары, ҚКХП мүшелері, Атырау гарнизонының әскери қызметкерлері, ЖОО мен колледж студенттері қатысты.

Ауған соғысы – фашизмнен кейінгі жан түршігерлік оқиға. Көп уақытқа дейін ол жайлы аз ақпарат берілді. Бұған қоса оның қатысушылары осы күнге дейін «интернационалист» деп аталып, жауынгерлік әрекеттердің ардагерлері деп мойындалмай келеді. Ресми мәліметке сүйенсек, Ауған соғысы жылдарында, яғни 1979-1989 жылдары жауынгерлік әрекеттерге 22 мың қазақстандық қатысқан. Олардың 761-і қайтыс болып, туған елде жерленген. 21 адам іс-түссіз жоғалған. Атырау (Гурьев) облысынан қатысқан жауынгерлердің 13 қаза болған, бір солдат ауыр жарақаттардан көз жұмған, бір жауынгер-интернационалист хабар-ошарсыз кеткен.

Қатысушылар гүл шоқтарын қою рәсімінің алдында қайтыс болған жауынгерлердің құрметіне бір минут үнсіздік жариялады.

- 15 ақпан - Ауғанстан жерінен кеңес әскерилерінің шығарылған күні. Дәл осы күні соғыс аяқталды. Тоғыз жылға созылған соғыс біздің халыққа көп қасірет әкелді. Ауғанстан жерінде де кеңес әскерилері нағыз ерлікті, төзімділікті, бекзаттықты таныта білді. Ауған соғысы туралы естелікті жылдар да, қашықтық та жоя алмайды, - деді өз сөзінде ҚКХП Атырау ОК бірінші хатшысы Е. Дәулетқазиев.

Іс-шараның ресми бөлігінен кейін «Жастар» мәдениет үйінде Ауған соғысы туралы деректі фильм көрсетілді.

AtirauAfgan 11AtirauAfgan 11AtirauAfgan 11AtirauAfgan 11AtirauAfgan 11AtirauAfgan 11AtirauAfgan 11AtirauAfgan 11AtirauAfgan 11AtirauAfgan 11AtirauAfgan 11

Прочитано 203 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.