Дүйсенбі, 22 Сәуір 2019 11:08

Баспасөз хабарламасы Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Әр адам әлеуметтік тіршілік. Сондықтан қарт шағында зейнетақы алуға қандай да бір еңбектену керек. Және ол тек ақша ғана емес, рахат әкелетін мамандықты таңдау. Дұрыс таңдау  жасауда мәселеге барлық маңыздылығымен қарау керек.

Балалар өз-өздерін ересектермен байланыстыра отырып, өздерінің мамандықтарын "үлгі етеді". Қыздар мұғалім, дәрігер, сатушы болады. Қазір барлығы модель болғысы келеді. Қазіргі ұлдар ғарышкер мен капитан болғысы келмейді. Қазір басқа басымдықтар. Барлығы программист, заңгер, қаржыгер, банкир болуды армандайды. Өте лайықты мамандықтар. Соңғы уақытта өз өмірін күш құрылымдарымен байланыстырғысы келетін ер азаматтардың, тіпті қыздардың да саны артты. Бұл заманауи талаптар мен үрдістер.

Кеңес уақытында бір кәсіпорында тұтас отбасымен жұмыс істеу беделді болды. Еңбек әулеттері осылай пайда болды. Олар туралы көркем фильмдер түсірілді. Бір кәсіпорында өмір бойы еңбек ету абыройлы болды. Жұмысты жиі өзгерткен адамдарды "летун" деп атады.

18.04.2019 жылы  Қазақстан Коммунистік Халық партиясы ҚБ-нің Атырау облыстық комитеті "Мамандықты дұрыс таңдау - адам өміріндегі табыстың кепілі. Қайда оқуға баруға болады?" тақырып бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырады. Қазір мектеп түлектері ҰБТ сынағына дайындалып, оқу орны мен мамандықтарын қызу таңдау үстінде болар. Біздің бүгінгі әңгімеміз мамандық таңдауда ойланып жүрген түлектерге ғана емес, жұмысы бар маман иелеріне де қатысты. Мамандық таңдау - өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек.

Осы іс-шараға Атырау облысы Жастар саясаты басқармасы мен Атырау қаласы Жастар ресурстық орталығының, сондай-ақ қала және облыстық Білім басқармасы мен аумақтық бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.

Атырау ОК баспасөз қызметі

AtirauPressReliz 8AtirauPressReliz 8AtirauPressReliz 8AtirauPressReliz 8AtirauPressReliz 8AtirauPressReliz 8AtirauPressReliz 8AtirauPressReliz 8

Прочитано 201 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.