Соңғы бірнеше онжылдықта әлем қоғамдастығы қарттар күнін атап өтіп жүр. Біздің облыста бұл бастама бір күнмен шектелмей, бір айға жалғасатын ауқымды шараға айналды.

«Жастар -  халықтың ең әлеуметтік белсенді тобы,  жаңа идеялардың объективті қозғаушы күші, қоғамның өмірлік күш-қуаты.  Жастар елдің болашағы ғана емес, ол оның қазіргі шағы», - деп пайымдайды ҚКХП Атырау ОК ҚКЖО көшбасшысы Максим Федотов.

27 қыркүйек күні ҚКХП Атырау облыстық комитетінің Жастар қанаты «Көмек алу құқығы» акциясын өткізді.

6 қыркүйек күні Атырау облысының әкімдігінде Атырау облысы қоғамдық кеңестер мүшелерінің алғашқы съезі өтті. Қатысушылар қатарында ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Е.Дәулетқазиев та болды.

2018 жылдың 13 қыркүйегінде ҚКХП Атырау облыстық комитеті «Қазақстан жастары: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді.  Қазақстанның жастарына не қажет? Жас ұрпақ мәселесі неліктен жиі көтеріледі? Жастардың өздері не жасай алады және нені қалайды, ал мемлекет жастар мен елдің дамуы үшін не істеуі тиіс және не істей алады? Басқосуда осындай сұрақтар талқыға салынды.

Вторник, 04 сентября 2018 10:39

«Мектепке жол акциясы» Атырауда

ҚКХП Атырау облыстық комитеті «Мектепке жол» акциясын өткізді.  Акция барысында коммунистер 18 оқушыға жаңа оқу жылына арналған мектеп  құралдары мен «Шапағат» қайырымдылық жобасының еріктілері жинаған киімдерді табыстады.

2018 жылдың 1 қыркүйегінде ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев Атырау қаласы Ғабит Мүсірепов атындағы №5 орта мектептің Білім күніне арналған алғашқы қоңырау шарасына қатысты.

29 тамыз күні Бүкілодақтық лениншіл коммунистік жастар одағының 100 жылдығы қарсаңында ҚКХП Атырау облыстық комитетінің кеңсесінде комсомол ұйымының бұрынғы жетекшілері мен қызметкерлерінің және сол кездегі белсенділердің  кездесуі өтті.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.