25 мамырда Қазақстан Респубикасы Парламент Мәжілісінің депутаттық тобының Атырау облысына жұмыс сапары аясында «Халық комунистері» фракциясының жетекшісі Владислав Косарев ҚКХП Атырау облыстық филиалының белсенділерімен кездесті. 

В.Косаревпен кездесуге облыстық комитеттің Жастар қанатының белсенділері мен мүшелері, партия ардагерлері – Гурьев ЛКЖО бұрынғы жұмыскерлері, Ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Құрметті қонақтар қатарында облыстық атқару комитетінің бұрынғы төрағасы, Атырау облысының құрметті азаматы Есен Тасқынбаев және Гурьев облыстық комитетінің хатшысы Әнес Бисенов болды.

24 мамырда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттары  тобының Атырау облысына жұмыс сапары басталды. Топ құрамына Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері, оның ішінде «Халық коммунистері» фракциясының депутаты Владислав Косарев енді. 

Халық қалаулылары аймақтағы Қарулы күш бөлімшелерінің сондай-ақ түрлі әскерлер мен әскери құрылымдардың жағдайымен танысу үшін бірқатар әскери нысандарды аралады.

5546 әскери бөлімшесінде мәжілісмендер оқу-жаттығу базасын, қару үлгілерін және киім түрлерін көрді. Бұған қоса олар «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 41433 әскери бөлімшесін аралады.

19 мамыр күні пионерлер ұйымына 96 жыл толды. 1922 жылдың 19 мамырында ІІ Жалпыодақтық РЖКО конференциясында «Балалар қозғалысы» қарастырылды. Сол кезден бастап қызыл галстук балалардың коммунизм құрудағы ауқымды жобаға қатыстылығын білдіретін болды. Ол КСРО-дағы әлеуметтік есеюдің үлкен жүйесіне айналып (октябренок — пионер — комсомол), балалар мен жасөспірімдер арасында идеологиялық негізді құрып, өсуге деген ынтаны және жетілуді қалыптастыруға бағыттады.

7 мамыр күні Атырау қаласында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Е.Дәулетқазиев шақырылды.

Среда, 02 мая 2018 18:10

Көктемгі марафон

Атырауда Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне орай Көктемгі марафон ұйымдастырылды. Оған облыстың барлық аудандарынан 300-ден астам бала қатысты. Жүгіру 10 және 21 шақырым қашықтыққа өтті.

1 мамыр күні Атырау қаласының Сұлтан Бейбарыс алаңында Қазақстан Халықтарының бірлігі күні аясында бірқатар іс-шара өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарын Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтады. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасының гүлденуі мен өркендеуін және бейбітшілік заман тіледі.

10 сәуір күні Атырау мұнай және газ институтында  ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жаппай қарсылықты қалыптастырудағы руханият пен адамгершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

9 сәуір күні ҚКХП Атырау ОК белсенділері «Шапағат» халықтық жобасы аясында Әлеуметтік бейімделу орталығында тұрақты мекен-жайлары жоқ азаматтарға  киім үлестіріп берді.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.