Сейсенбі, 04 Қыркүйек 2018 10:39

«Мектепке жол акциясы» Атырауда

ҚКХП Атырау облыстық комитеті «Мектепке жол» акциясын өткізді.  Акция барысында коммунистер 18 оқушыға жаңа оқу жылына арналған мектеп  құралдары мен «Шапағат» қайырымдылық жобасының еріктілері жинаған киімдерді табыстады.

2018 жылдың 1 қыркүйегінде ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев Атырау қаласы Ғабит Мүсірепов атындағы №5 орта мектептің Білім күніне арналған алғашқы қоңырау шарасына қатысты.

29 тамыз күні Бүкілодақтық лениншіл коммунистік жастар одағының 100 жылдығы қарсаңында ҚКХП Атырау облыстық комитетінің кеңсесінде комсомол ұйымының бұрынғы жетекшілері мен қызметкерлерінің және сол кездегі белсенділердің  кездесуі өтті.

12 шілде күні ҚКХП Атырау ОК Жастар қанатының белсенділері ҚКХП-ның «Шапағат» халық жобасы аясында Әлеуметтік бейімделу орталығында болды. Жас коммунистер орталықтағы тұрақты мекен-жайлары жоқ азаматтарға киімдер үлестіріп берді.

ҚКХП Атырау ОК Жастар қанатының белсенділері жыл сайынғы «Әкімге сұрақ қой» акциясын өткізді. Акцияның басты мақсаты облыс орталығы тұрғындарының көкейінде жүрген мәселелермен танысу және ұсыныстарын білу болып табылады.  Сауалнама барысында қала тұрғындары мен қонақтарға «Коммунист Казахстана» журналы таратылды.

Сауалнама нәтижесі бойынша ҚКХП Атырау облыстық комитеті Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлына хат жолданды. 

28 маусым күні Қазақстанда Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні аталып өтеді. Осыған орай ҚКХП Атырау ОК кеңсесінде ҚКХП мүшелерінің облыстың алдыңғы қатарлы БАҚ жетекшілерімен кездесуі өтті.

ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Е.Ғ. Дәулетқазиев өзінің құттықтау сөзінде  медиялық кеңістікте бұқаралық ақпарат құралдарына ерекше рөл берілгендігін атап өтті.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы өзінің бағдарламалық құжаттары мен заң шығару қызметінде қатардағы азаматтардың, әсіресе ауыл жұмысшыларының мүддесін басшылыққа қояды. Әрбір екінші депутаттық сауал елді мекендерде жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы өндірушілері, агрария мен мал өсірушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

21 сәуір күні Астанада өткен ҚКХП ОК мен ОБРК біріккен Пленумында ҚКХП-ның ауылды аумақтарды дамыту мәселелеріне қатысты Мәлімдемесі мақұлданып, 2 мамыр күні ҚКХП ОК хатшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Қоңыров осы тақырып бойынша депутаттық сауал жариялады. 

1 маусым күні Атырау қаласының Жамбыл атындағы №21 орта мектебінде күндізгі демалыс лагері ашылды. Мектеп жанындағы «Балдәурен» лагерінде мектептің 25 оқушысы демалатын болады.

Атырау ОК Жастар қанатының белсенділері бірінші хатшы Е.Дәулетқазиевтің жетекшілігімен  мектепке барып, оқушыларды Балаларды қорғау күнімен және лагерь маусымының ашылуымен құттықтады. Оқушыларға коммунистердің атынан сыйлықтар табысталды.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.