Таяуда Атырау қаласының Жеңіс саябағында Ауғанстан аумағынан кеңес әскерилерінің шығарылуының 30 жылдығына орай жауынгер-интернационалистердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері, олардың туысқандары, ҚКХП мүшелері, Атырау гарнизонының әскери қызметкерлері, ЖОО мен колледж студенттері қатысты.

Среда, 13 февраля 2019 11:10

Жаңа адамдар – жаңа идеялар!

Осы жылдың 9 ақпанында ҚКХП Атырау облыстық комитетінің кеңсесінде ҚКЖО-ның жаңа белсенділерімен танысу шарасы өтті. 

7 ақпан күні Атырау индустриалды колледжінде өткен қоғамдық пікірталас осы өлең жолдарымен басталды. Ленинградтың фашистік блокададан толық босауының 75 жылдығына арналған іс-шараға ардагерлер, тарихшылар, музей қызметкерлері қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушысы - ҚКХП Атырау облыстық комитеті.

14 қаңтар - Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқан күні. Биыл - батыр қыздың қайтыс болғанына 75 жыл. Осыған орай 31 қаңтар күні Атыраудағы №22 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектепте «Мерген – Әлия» тақырыбында еске алу кеші өтті.

Атырау облыстық комитеті Жастар қанатының белсенділері ҚКХП нышаны бейнеленген күнтізбе тарату акциясын ұйымдастырды.

22 қаңтар күні «Шапағат» халықтық жобасы аясында ҚКХП Атырау облыстық комитеті Жастар қанатының белсенділері 3 бала тәрбиелеп отырған З.Кемелбаеваның отбасына барды.

Атырау облыстық комитетінің Жастар қанаты «Партия дауысы» акциясын өткізді. Жас коммунистер акция барысында қала тұрғындары мен қонақтарын «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының жұмысымен, әсіресе мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға жолданған әлеуметтік тақырыптардағы  депутаттық сауалдармен таныстырды. Сонымен қатар Жастар қанатының белсенділері қала тұрғындары арасында партиялық басылым «Коммунист Казахстана» журналын таратты.

2019 жылдың 17 қаңтарында ҚКХП Атырау облыстық комитеті Атырау энергетика және құрылыс колледжінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 107 жылдығына арналған семинар өткізді. Семинар Дінмұхамед Ахметұлының өмірі мен қызметіне арналды.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.