21 маусым күні Батыс Қазақстан облыстық комитеті Қазақстан Коммунистік Халық партиясының 14 жылдығына орай обком активінің жиналысын өткізді. Обкомның бірінші хатшысы Сүйінғали Жарлығасымов  жиналыстың алғы сөзінде партияның қызметі мен тарихы және оның құрылымы туралы айтып берді.

-Барлық қатысушыларды Қазақстан Коммунистік Халық партиясының 14 жылдығымен құттықтаймын! Партияның, халықтың және Отанымыздың игілігіне атқарып жатқан ісімізге сәтттілік,  баршаңызға  мықты  денсаулық пен амандық тілеймін.  Артта қалған жылдар біздің партияның саяси күшінің, танымалдылығы мен беделінің,  тәжірибесінің артып келе жатқанын дәлелдеп отыр. Бұл ҚКХП-ның әрі қарай дамуының берік іргетасы болмақ, - деді бірінші хатшы өз сөзінде.

Среда, 13 июня 2018 13:18

ҚХА сессиясына қатысты

7 маусымда Оралда Х.Бөкеев атындағы облыстық қазақ драма театрында облыс әкімі Алтай Күлгіновтың төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІ сессиясы өтті.

Сессияға Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко мен ҚКХП БҚО комитиетінің бірінші хатшысы, ҚХА БҚО Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Сүйінғали Жарлығасымов қатысты.

Среда, 06 июня 2018 17:59

Баршаға арналмаған жұмыс

6 маусым күні Орал қаласында Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Батыс Қазақстан облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «Баршаға арналмаған жұмыс» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараға облыстық комитет Жастар қанатының активі мен мүшелері, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.

– 55-64 жастағы тұрғындар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 6,5%-ке өсті. 2017 жылы еліміздегі зейнет алды жасындағы жұмыссыздар саны 47,9%-ке өскен, – деп сөз алған ҚКХП БҚОФ бірінші хатшысы С.С.Жарлықасымов партияның ОК мәліметіне сүйенді.

Шараға қала халқы, репрессия құрбандарының ұрпақтары, мәжіліс депутаттары және т.б. қатысты. Олардың ішінде ҚКХП АОФ бірінші хатшысы Ж.А.Молдашев  та болды.

Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш жиналған жұртты сол бір жылдардың тарихымен тағы бір таныстырды.

31 мамырда Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Батыс Қазақстан облыстық комитетінің жетекшілері бірінші хатшы Сүйінғали Сәрсенғалиұлының басшылығымен Теректі ауданына жұмыс сапарымен барды.

Коммунистер ауыл тұрғындарымен оларды «Халық коммунистері» фракциясының ауылдық аумақтарды дамыту мәселесі бойынша депутаттық сауалымен және осы мәселеге қатысты ҚКХП Орталық Комитетінің мәлімдемесімен таныстыру, сондай-ақ ауылдағы өмір сүру жағдайы мен мәселелерін анықтау мақсатында кездесті.

28 мамырда Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ғимаратында облыстық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда БҚО Қаржы басқармасының басшысы Б.Имашев  2017 жылғы облыс  бюджетінің игерілуі туралы есеп берді.

Отырыста автомобиль жолдарының сапасын жақсарту мәселесі сөз болды.

16 мамыр күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Батыс Қазақстан облыстық комитетінің коммунистері ҚКХП БҚОБ Жастар қанатымен бірлесе отырып, «Капитал. К.Маркс идеясы заманауи әлемде» тақырыптық семинарын өткізді.

11 мамыр күні Орал қаласындағы Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйінде «Сыйбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттегі азаматтық бақылауға екпін беру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің өкілдері қатысты.

Страница 1 из 2

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.