Четверг, 18 января 2018 13:13

БҚО коммунистері Президенттің Жолдауындағы әлеуметтік аспектілерді қолдайды

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 16 қаңтарында ҚКХП  Батыс Қазақстан облыстық комитетінің жетекшісі Сүйінғали Жарлығасымов БҚО Демократиялық күштер коалициясының Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған отырысына қатысты.

Іс шараға жергілікті саяси партиялар бөлімшелерінің жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың және БАҚ өкілдері қатысты.

Батыс қазақстандық коммунистердің жетекшісі өз сөзінде Жолдаудың әлеуметтік аспектілеріне, экономикалық  бастамалардың жалғасын тауып отырғандығына тоқталып өтті. Бұл аспектілер Елбасының бұған дейінгі Жолдауларымен тығыз байланысты және ел экономикасы дамуының стратегиялық жоспары болып табылады.

ҚКХП ОК хатшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыровтың Жолдауға қатысты мәлімдеген пікірі де қатысушылар назарына ұсынылды.

-  Зейнетақыны мен жәрдемақыны көбейту, кәмелетке толмаған туғанына І топтағы мүгедек балалардың ата-аналарына мемлекеттік жәрдемақы тағайындау, сонымен қатар факторлық-баллдық шкала бойынша мемқызметкерлердің еңбек ақысын төлеудің жаңа жүйесі, ұстаздардың жалақысын көтеру бұл мемлекеттің ойластырылған әлеуметтік саясатының дәлелі болып отыр. Сонымен қатар бюджеттік сала қызметкерлері мен халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына қолдау көрсетудің жалғасы,  - деді өз сөзінде С. Жарлығасымов.

ҚКХП БҚОБ Баспасөз қызметі

ZKO2

Прочитано 17 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.