Среда, 24 января 2018 17:03

БҚО коммунистері Лениннің Қазақстан тарихынан алатын орнын талқылады

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 24 қаңтарында ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің кеңсесінде өткен дөңгелек үстелде Лениннің Қазақстан тарихынан алатын орны талқыланды. Қазіргі заманғы мемлекеттілікті құру ісінде қазақ халқы алдында пролетариат көсемінің тарихи еңбегі туралы обкомның хатшылары С.Сұлтанғалиев пен Н.Есенәлиев баяндама жасады.

Қанауда болған ұлттарды біріктіру социалистік революция жеңісінің басты талабы болды, бұл жағдайда  көпұлтты ірі мемлекетте ескі құрылымды өзгертіп, социализмнің жеңіске жетуі мүмкін еді. Унитарлы мемлекет идеясы Ресей билігіне Лениннің басшылығымен социал-демократтардың келуімен басымдыққа ие болды. 1913 жылы Ленин Шаумянға жазған хатында: ... біз демократиялық центризмді қолдаймыз, ол сөзсіз. Біз федерацияға қарсымыз. ...Біз федерацияға түбегейлі қарсымыз, ол экономикалық байланысты әлсіретеді» деп жазған.

1913 жылғы «Тезисы по национальному вопросу», «Критические заметки по национальному вопросу» еңбектерінде ол өз жақтастарының мәдени-ұлттық автономия мәселесі бойынша ұстанымдарын сынға алды. Оның пікірінше, социал-демократтар бұл мәселені шешуде социалистік революция мүдделерін басшылыққа алулары тиіс еді. Мәдени-ұлттық  автономияның ұранын сынға ала отырып, Ленин социал-демократтар интернационалды мәдениетке ұмтылады деп түсінген.

Ленин ұлттық мәселеге қатысты таптық ұстанымды  басшылыққа алған, ұлттық пролетариат пен ұлттық буржуазияның ара жігін ажырата білген. Социал-демократтардың мақсаты белгілі бір ұлттың қаналған таптың ғана мүддесін қорғау болды, оған бірігу арқылы ғана қол жеткізу мүмкін болған. Сондықтан «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!» ұраны  социализм үшін күресте өзекті болды және тапсыз коммунистік қоғам құруда маңызды еді.

Большевиктер саяси жағдайды жақсы сезініп, дұрыс бағалай білген. Тарих көрсетіп отырғандай, азаматтық соғыстағы «ақтар қозғалысының» жеңілу  себебі ұлттық аймақтарды қолдаудың жоқтығынан болды. Себебі қатысушылар Ресейде тек қана ескі жүйені қалпына келтіру үшін күресті. Азаматтық соғыс большевиктерге халықтардың ұлттық мемлекеттілігі идеясымен санасу қажет екендігін көрсетті. 1919 жылы В.И. Ленин «Қырғыз аймағын басқару бойынша революциялық комитет туралы» декретке қол қойды. Ревкомның құрамында Астрахань губерниясы мен Уральск, Торғай, Ақмола, Семипалатинск облыстары болды. Қазревком қазақ жерлерін біріктіру, дала кеңестерін құру, кеңес құруда ұлттық интеллигенцияны тарту сияқты жұмыстар атқарды. 1920 жылдың 26 тамызында Кеңес үкіметі «Қырғыз (Қазақ)  Автономиялы Кеңес Социалистік  республикасын құру туралы» декрет шығарды. 1920 жылдың 4 қазанында Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестер Құрылтай съезі өтті. РКФСР құрамында ҚазАКСР құрылғандығы жарияланды. Съезд биліктің жоғарғы органдары Орталық Атқару Комитетін және республиканың Халық Комиссарлар Кеңесін құрды. ҚазАКСР ОАК төрағасы болып С.М. Мендешев, ХКК төрағасы болып В.А. Радус-Зенкович тағайындалды. Съезд ҚазАКСР еңбекшілерінің құқығы туралы Декларацияны қабылдады, ол конституциялық тұрғыдан ҚазАКСР-дың құрылуы туралы жариялады, мемлекеттік билік органдарын, жер саясатын, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттемелерін, сайлау жүйесі мен оның ұстанымдарын, сот қызметі мен ұйымдастыру жүйесін анықтады.

Қазақ жерлерін біріктіру мақсатында Кирревком комиссия құрып, болашақ республиканың шекараларын анықтаумен айналысты. Территориялық сұрақтар үлкен дау тудырды.

Rol Lenina ZKO2Қазақстан құрамына Орынбор кірді, ҚазАКСР-дің алғашқы астанасы болды. Қазақстан құрамына Қостанай облысын кіргізу қажетілігін А.Байтұрсынов пен М. Сералин жан жақты дәлелдеді. Қазақстан құрамына Батыс Сібірге жататын Ақмола мен Семипалатинск облыстарын кіргізу де оңай болған жоқ. В.Ленин әртүрлі халықтардың сеніміне ие болу және оларды Кеңестер жағында сақтап қалу мақсатында территориялық мәселелерді шешуде қазақ республикасы тарапына болысуды жөн санады. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, А.Ермеков, М.Сералин құжатты түрде ресми дереккөздерге сүйене отырып, бұл жерлердің қазаққа тиесілі екендігін дәлелдеді. 1921 жылы Ақмола және Семипалатинск облыстары Сібревком құрамынан ҚазАКСР құрамына берілді.

1924 жылы Орта Азияда ұлттық мемлекеттік межелеу өткізілді. Қазақстанға Сырдария мен Жетісу облыстары, Самарқан облыстарының бірнеше бөлігі енді. Қазақ жерлері Қазақ республикасына бірікті. Республика территориясы 1/3-ге үлкейді, сөйтіп 2,7 млн шаршы метрге жетті. Ал халық саны 1 млн. 468 мың адамға артып, 5 млн 230 мың адамды құрады. Қазақтар  61,3 % ( 1926 жылы) құрады.   Ленин өмірінің соңғы жылдары елді басқару жүйесін жаңғыртудың әдістерін ұсынды, бұл туралы ол Кеңестер Съезіне жолдаған мақалаларында жазды. Лениннің ұсыныстары іске асырылмады.

Лениннің унитарлық мемлекет құру туралы идеясына федерация жайлы идея қосылды. Ол 1918 жылы еңбекшілер мен қаналған халықтардың құқықтары декларациясында және басқа да мемлекеттік  құқықтық актілерде көрініс тапты. Федерализм идеясына ауысуға аймақтардағы ұлттық қозғалыстардың ауқымы мен маңыздылығы себеп болды. Сонымен қатар Ленин үкіметінен ұлттық буржуазиялық автономияларды жою талап етілді.

Қазақ ұлттық мемлекеттілігінің тағдырында лениндік идеялар маңызды рөлге ие болды.

Ресей империясының құрамындағы Қазақстанға алғаш рет Кеңестік автономия мәртебесі беріліп, дербестік ұсынылды. Республика Ресей Федерациясы тарапынан едәуір материалды-қаржылық, әскери-саяси көмекке ие болды. Бұл мемлекетті аз уақыт ішінде индустриалды және мәдени дамыған республикаға айналдыруға мүмкіндік берді. Мұның барлығы ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында егемендік алудың, тәуелсіз ел атануға кеңестік дайындық кезеңі болды.

ҚКХП БҚОБ Баспасөз қызметі

Прочитано 38 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.