Среда, 02 мая 2018 14:55

ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІК КҮНІ

Оцените материал
(0 голосов)

1 мамыр күні Орал қаласының Абай атындағы алаңында Қазақстан Халықтарының бірлігі күні аталып өтті. Мерекелік шеруге облыстың  еңбек ұжымдары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Батыс Қазақстан өңірінің халық коммунистері де мерекелік іс-шараларға атсалысты.

1 мамыр мерекесінің тарихи АҚШ-тың Чикаго қаласынан бастау алады. 1886 жылдың 1 мамырында бұл қалада жұмысшылардың ауқымды қарсылық акциясы өткен. Кейін алғашқы чикаголық қарсылық акциясының құрметіне бұл күнді еңбек мерекесі ретінде атап өту дәстүрге айналған.

 Бастапқы уақытта Бірінші мамыр саяси сипатқа ие болса, уақыт өте келе шынайы халықтық мерекеге ұласты.

Қазақстанда Бірінші мамыр мерекесі Кеңес Одағы заманынан бері біраз өзгеріске ұшырады. Ол жыл сайын Қазақстан Халықтарының бірлігі күні болып аталады және мемлекеттік мерекелер қатарына енген.

«Бірінші мамыр жалпыхалықтық мереке болған және болып қала да бермек. Қандай атауға ие болмаса да, оның мақсаты өзгерген жоқ – қоғам бірлігі, ұлтаралық келісім мен этномәдени диалог идеяларының салтанаты», - деп атап өтті ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Сүйінғали  Жарлығасымов.

ҚКХП БҚОБ Баспасөз  қызметі

Ur3Ur3

Прочитано 11 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.